• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Сана сыны – әлемдік бәсеке

253 рет
көрсетілді

Өмірдің ең көрнекті құбылысы – өзгеріс. Баспасөз қызметкерлері сол өзгерістердің не ең алдыңғы легінде немесе қайнаған ортасында жүреді. Олардың негізгі дені әділдікті, адалдықты, шындықты қорғайды, сол үшін күреседі.

Өмірдің ең көрнекті құбылысы – өзгеріс. Баспасөз қызметкерлері сол өзгерістердің не ең алдыңғы легінде немесе қайнаған ортасында жүреді. Олардың негізгі дені әділдікті, адалдықты, шындықты қорғайды, сол үшін күреседі.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің 30 жылында біз, біздің ұлтымыз бұрын-соңды тарихымызда болмаған орасан өзгерістерді басымыздан өткіздік. Отаншыл, ұлтшыл сөз жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның ұйытқысы бола алды десек, соның сайыпқыран сардарлары – еліміздің журналис­тер қоғамы. Еркін ой мен еркін сөз Консти­туциямызда көрсетілген ең бас­ты құндылықтарымыздың бірі – рух бос­тандығының көрсеткіші. Еркіндік – бей­пілдік емес, керісінше, сөз жауапкершілігі мен жоғары мәдениеттілігі.

Қазіргі интернет пен технологияның дамыған заманында «ақпараттық соғыс» та қатарласа келіп, ұлттық құн­ды­лық­тарымыздың түп-тамырына тіс батырып жатқаны белгілі. Мұндай қауіп-қатерге біз «от басы, ошақ қасы» түйткілдерінен гөрі, әсіресе жас ұрпақты ұлттық бір­лік пен әлемдік дәрежеде әріптестік қа­ты­нас қалыптастыруға қабілетті білім мен біліктілікті, ұлт­тық ірілік пен тұтасты­ғы­мызды қар­сы қоя алсақ қана көздеген мақ­сат-мұ­рат­тарымызға қол жеткізе аламыз.

Қаламгер әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, ұлттық рухы­мыздың, дүниетанымымыздың әлем­­дік бәсекеге лайық болуы жолында аян­бай еңбек ете беруге тілектестігімді біл­діремін.

 

Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Қазақстан Республикасының

1991-1995 жылдардағы тұңғыш Баспасөз және бұқаралық

ақпарат министрі,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері