• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Медианарықтың мүмкіндігі мол

586 рет
көрсетілді

Қазір бүкіл әлемде, барлық салада бәсеке жүріп жатыр. Ғарышқа ұшу ғана емес, оны игеру жолдары, экономиканы жасанды интеллект көмегімен дамыту ашық әрі кеңінен талқыланып келеді. Әйтсе де, адам санасының өзгеруі көкейкесті әрі басымдық беретін мәселе болып қала бермек.

Қазір бүкіл әлемде, барлық салада бәсеке жүріп жатыр. Ғарышқа ұшу ғана емес, оны игеру жолдары, экономиканы жасанды интеллект көмегімен дамыту ашық әрі кеңінен талқыланып келеді. Әйтсе де, адам санасының өзгеруі көкейкесті әрі басымдық беретін мәселе болып қала бермек. Сондықтан ғылымның соңғы жетістіктері, білімнің озық түрлері, жаңғыру мұратына сай мамандықтар мен кәсіптер жаңа көзқарас қалыптастыруға, ой-өрісті кеңейтуге, адам өмірінің сапасын арттыруға бағытталған. Соның ішінде заманауи журналистика индустриясы өнімдері үлкен маңызға ие болып отыр. Тіпті «медиабизнес», «медиаресурс», «баспасөз хол­дингі», «медиа орталық», «контент» сияқты әлемдік ұғымдар бізге етене жақын болып кетті. Оның үстіне, бүгінде бәсекені бел­сен­діретін отандық, дүние­жүзі­лік ақпараттық кеңістік бар. БАҚ-тың бәрімізге үйрен­шік­ті үлгілерімен қатар түрлі ақпа­рат агенттіктері, арналары, ға­ламдық интернет желілері наси­хатпен, саяси үгітпен, ағар­тушылық қызметпен шек­тел­мейді, одан да ауқымды мақ­сатты – адамзаттық, ұлттық, қо­ғамдық сананы өзгертуге атса­лысып, әлеуметпен шұғыл бай­ланыс орнатуды көздейді. Кө­бінесе, қалың бұқараның әлеуметтік жағынан қорғалуын алға тартып, қалқан болуға ты­ры­­сады. Сонысымен қоғамға пай­да­лы қызметі ерекшелене тү­седі. Мұндай міндетті орындау­дың түрлі пәрменді тәсілдері бар. Дамыған елдер оларды білдіртпей алатын күшке («мягкие силы») жатқызады. Оларды қолдануда аянып қалмайды, қыруар қаржы жұмсайды. Сайып келгенде, бұл – геосаяси жағдайға ықпал ету деген сөз. Біздіңше, елдің тұрақты дамуын сипаттайтын одан да маңызды бір мәселе бар. Ол – қоғам­дағы ұлттық салт-дәстүр мен адамгершілік қағидаларын, ар-ождан құндылықтарын сақтап қалу болса керек. Оның тиімді тетіктерін іске қосуда БАҚ сала­сы үлкен рөл атқаратыны ақиқат. Мұнсыз сөз бостандығын елестету де қиын. Журналистік этикаға жүгінбеушілік, жауапсыздық, желілерде жалған ақпараттың та­ралуына жол беру аталған саланың дамуына, бәсекеге қабі­летінің артуына кедергі жасайтынын естен шығармаған жөн.Жалпы, медианарық нағыз кәсіби мамандарға сұраныстан қалыптасады. Олардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін толық пайдалануға жол ашады. Сонда әрбір журналистің еңбегі бүгінгіден әлдеқайда әділ, лайықты бағаланып, БАҚ-тың сапасы жаңа деңгейге көтерілмек.Шыны керек, нарықтық қа­ты­настарды батыл енгізуге құрыл­тайшылар да, меншік иелері де, кәсіби қызметкерлер де мүдделі бо­луға тиіс. Сонда ғана бұл сала­ның бағы жанады. Ал уақыт талабына сай өзгерген БАҚ-ты қалың оқырман мен көрерменнің өздері-ақ тез тауып алады.

Дархан МЫҢБАЙ,2012-2013 жылдардағы Мәдениет және ақпарат министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі