• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Маусым, 2021

«Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі аяқталды

194 рет
көрсетілді

Велошабандоздар арасындағы ең ірі жарыс – «Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жолы 28 жастағы бельгиялық спортшы Тим Мерлирдің («Alpecin-Fenix») мерейі үстем болды. Лорьян мен Понтиви өңірлері арасындағы 182,9 шақырымдық қашықтықты ол 4 сағат 01 минут 28 секундта жүріп өтті. Бельгияның тағы бір өкілі Йеспер Филипсен («Alpecin-Fenix») екінші орынды иеленсе, франциялық Насер Буханни («Team Arkéa Samsic») үшінші сатыға жайғасты. «Астана» клубы мүшелері арасындағы ең үздік көрсеткіш Якоб Фульсангқа тиесілі. Даниялық легионер үшінші кезеңде 16-орынды қанағат тұтты.

Жалпы есепте Нидерландтың велошабандозы Матье Ван дер Пул («Alpecin-Fenix») алдына жан салмай келеді. Оның көрсеткіші – 12:58:53. Екінші және үшінші орындарда – Жюлиан Алафилипп («Deceuninck - Quick Step») пен Ричард Карапас («INEOS Grenadiers»). «Астананың» серкесі Якоб Фульсанг 11-орынды еншілеуде.