• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 02 Шілде, 2021

Таныс өлкедегі тамаша мүсіндер

945 рет
көрсетілді

Қазақстан мүсін өнерінде Павел Шороховтың есі­мі ерекше аталады. Ол өмірінің ең шуақты да қуат­ты жыл­дарын осы бір бек­зат өнер­ге арнап, елу жыл­дан бері мүсін жасау­мен айна­лысып келеді. Ә.Қас­теев атындағы өнер музе­йін­де салтанат құр­­ған «Шабыттандырған қа­лам» көрмесі туынды­гер­дің 75 жылдығына арналып отыр.

Әйгілі шебердің қолтаң­ба­сынан шыққан мүсіндік композицияларсыз жанымызға жақын қалалардың әсем әспетін елес­тету мүмкін емес. Ол жасаған туындылар Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарының, Бал­қаш пен Талғардың, Үшарал мен Арқалықтың, Жаркент пен Есіктің ең көрнекі жерлерінде сән түзеген. Көшелер мен алаң­дар, саябақтар мен аллеялар, жаяу жүргіншілер мен серуендеу аймақтарын безендіргенде шебер қалалық кеңістіктің сәнін келтіріп, өзінің батыл идеяларын жүзеге асыра біледі. Ең бастысы, әрбір туындысы сол аймақтың ерекшелігіне сай бедерленген.

«Әр аймақтан, әр қаладан ша­быт аламын. Сол мекенге тән дәстүрлерді дәріптей отырып, тү­сінікті, табиғи және толықтай заманауи бейнелер жасауға күш жігерімді жұмсаймын. Шы­ғармашылық нысанама айнал­­ған жанды да жансыз образдар­ды тас­тан, металдан, ағаштан немесе әртүрлі материалдардың жиын­тығынан жасаймын»,– дей­ді Павел Шорохов.

Мүсіншінің қызығушылық саласы да алуан түрлі. Шорохов шығармаларында ежелгі Икар, қазақ даласының даңқты батырлары, би мен музыканың синтезі, әйелдердің кербездігі, ана мен бала тақырыптары­ның шоқтығы биік. Әсіресе ани­ма­листік жанр оның жанына барын­ша жақын. Фауна әлемінің байлығы мен алуан түр­лілігін бейнелейтін мү­сін­­дер саны бойынша кейіп­кері­міз­ге тең келер мүсінші аз.

– Павел Шорохов ағаш, металл немесе тас болсын, кез-кел­ген материалды бағындыра біледі. Ең ертеректегі мүсіндік композицияларына – «Балалық шақ», «Тазша бала», «Қоқиқаз» және «Ойнап жүрген балалар» секілді шығармалары жатады. «Шарықтау кезінде», «Ата-ана қамқорлығы», «Балалар шығар­машылығы», «Шеру» композициялары, «Кәсіпкер», «Құюшы», «Пошташы» және «Ұлу» туын­дылары, «Жабайы мысық», «Бүркітші», «Қанатты барыс» секілді еңбектері жұртшылыққа жақсы таныс. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өнер ошақта­ры мен демалыс саябақтарына көрік беріп тұр. Шебердің шы­ғармашылық ауқымы айтар­лық­тай кең. Станоктік мүсіндер мен бедерлі портреттер, мемо­риалды тақталар, қабір үстінде­гі ескерткіштер шебердің ұзақ жылдардан бергі табанды еңбегі. Ол елге белгілі тұлғалар Иса Бай­зақов, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Тарас Шевченко, Қаныш Сәтпаев, Мұх­тар Әуезов, Жамбыл, Абай, Пуш­киндердің мүсінін кейіп­теді. Қазіргі таңда мүсінші Алма­тыдағы теміржол вокзалы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы балет театрының орталық қасбе­тін бе­зендіруді жалғастыруда. Үне­мі ізденісте жүретін өнер иесі­нің шығармашылығына ар­нал­ған көрме тың туындылармен толыққан, – дейді көрме жетек­шісі Оксана Танская.

Көрмені арнайы барып та­машалаудың сәті түсті. Павел Шо­рохов қоршаған әлем­ге таң­данып, ондағы ең әде­мі құ­бы­лыстарды көңіліне қон­ды­рып, олар­ды металда, тас­та, ағаш­та кейіптеу арқылы уақытты тоқ­татып қояды. Бұл мүсін­дік пі­шіндердің әрқайсысы – ең кі­­шісінен ірісіне дейін үздік көркемдік дәстүрлер мен шынайы шеберліктің жемісі.

 

АЛМАТЫ