• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Шілде, 2021

БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі қолдау білдірді

148 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті.

Әңгімелесу барысында А.Ба­лаева БҰҰ-ның Қазақ­стан­да­ғы Тұрақты үйлестірушісін минис­тр­ліктің жетекшілік ететін сала­ла­ры бойынша жүргізіліп жат­қан жұ­мыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Микаэла Фри­берг-Стори министрліктің жұмы­сына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агент­тігінің атынан бірлескен жұ­мысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойын­ша тараптар жемісті өзара іс-қи­мылға, оның ішінде бірлескен жо­ба­ларды іске асыруға өзара ықы­ласын білдірді.

«Егемен-ақпарат»