• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Шілде, 2021

Ауыл тіршілігі жанданады

644 рет
көрсетілді

Ауылда қордаланған мәселенің көп екені белгілі. Өңірлерге іссапар барысында тұрғындар ауызсу, жол, интернет, білім беру, денсаулық сақтау сапасы қалаға қарағанда өте төмен екенін айтып жатыр. Сол кездесулерде мен ауылдағы ағайынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ауыл әкімдерін сайлау туралы өз ойымды айттым.

Бұл – бір жағынан ауыл халқы­на өз тағдырын өзі айқындауға берілген мүмкіндік болса, екінші жағынан – үлкен жауапкершілік.

«Бұрын ауылдағы мәселені неге әкімге айтпайсыз дегенде оның жоғарыдан тапсырма бол­маса, халықтың талабына құлақ ас­пай­тынын алға тартатынсыздар. Ал бұдан былай әкімді өздеріңіз сайлап аласыздар. Енді әкім жұмыс істемей жатса, өзгеден көре алмайсыздар. Өйткені өздеріңіз дауыс бергенсіздер. Оның жұмыс істеуін жай тұрғын ретінде ғана емес, дауыс беруші ретінде талап ете аласыздар», деп түсіндірдім.

Иә, ауылда сайлау өтіп, ха­лық­­­тың саяси белсенділігі оянса, он­­дағы тіршілік те жанданады. «Жер­­гілікті өзін-өзі басқару жү­йе­сі­­не өзгеріс енгізу талпынысын ауы­л­ға деген қамқорлықтың шы­на­йы қадамы деп қарастыруға да бо­лады. Ал сайлаудан кейін ауыл­­дарда тіршіліктің жақсы не­ме­се жаман жағына өзгеруі нақ­ты сай­­ланған әкімдерге байланыс­ты болады деп есептеймін. Ілгері кет­кендері дұрыс таңдау жасағанын түсінсе, жағдайы оңалмаған елді мекендердің халқы сайлауды сәтті өткізген ауылдардан келесі жолы үлгі алатын болады. Өйткені бір әкімді сайлаған соң бірнеше жыл соның құзырында болу керек деген талап жоқ. Халыққа сайланған әкімнің қызметіне лайықтылығын дауысқа салу құқығы да беріліп отыр. «Көш жүре түзеледі» де­мек­ші, бұл істе әсте асығуға болмай­ды. Өйткені біздің таңдаған жолымыз – революциялық өзгеріс емес, эволюциялық даму.

«Ауыл» демократиялық пар­тия­­сы­нан 703 орынға барлығы 104 кан­дидат қатысты. Үміткер­лер­дің орташа жасы 35-45 аралы­ғын­да, 11-і – әйел. Сайлау нәти­же­лері жақын күнде белгілі болады. Жеңіс­ке ауылдың тыныс-тірші­лігі мен қордаланған мәселелері­мен жақ­сы таныс, соны шешуде аян­бай қызмет ететін үміткерлер жет­сін дейміз.    

 

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ,

«Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары