Бұл сайлау бірауыздан бәсекелестікке толы болды деп айта аламын. Расымен, осы сайлауда өзін өзі ұсынған азаматтар да баршылық. Партиядан да үміткерлер саны жеткілікті. Тіпті басқа сайлауларға қатыспаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан да кандидаттар болды.
2000 азамат өздері сайлауға қатысуға ұсыныс білдірді. Мұның қандай нәтиже екенін түсінесіз ғой. Мәселен, Қарағанды облысында 75 әкім сайлау керек болды. Олар 257 кандидаттың ішінен сайланды. Nur Otan партиясынан 56 әкім, «Ауыл» партиясынан 3 әкім, «Ақ жол» партиясы мен Adal партиясынан 1 әкімнен сайланды. Бұл облыста өзін өзі ұсынған 178 азаматтың 14-і сайланды.
Тағы бір ескеретін жайт, «Барлығына қарсымын» деген дауыс аз болды. Құқық бұзу мен тәртіп бұзу да аз тіркелді. Бұл да қуантатын жайт.
Nur Otan партиясынан кандидат саны көп болды. Нәтижелері де басым болады деп ойлаймын. Шамамен 75 пайызға ие болуы мүмкін. Ал 25 пайыз басқа партия өкілдері мен өзін өзі ұсынғандарға тиесілі.
Бұрын болған жағдаймен салыстырсақ, бұл сайлау әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бір мәселе – Орталық сайлау комиссиясының ақпаратты жинамауында. Бұл ортақ ақпарат болмауына алып келеді. Саясаттанушылар да, журналистер де өздеріне қажет ақпаратты ала алмайды. Әр облыс жеке ақпарат жинап, жеке статистика жасайды. Одан кейін мұның барлығын жинау керек. Былай қарасаңыз, барлық облыстың ақпаратын жинап отыру да оңай шаруа емес. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толады деген үміттеміз.
Марат ШИБҰТОВ,
саясаттанушы