• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2021

Ухан халқы жаппай тексеріледі

239 рет
көрсетілді

Қытай билігі Ухан қаласында COVID-19-ға жаппай тестілеу жүргізуді тапсырды. Аймақта бір жылдан астам уақыт сырттан келген науқастарды санамағанда, бір-біріне індет жұқтырған тұрғындар болмаған.

Коронавирус алғаш рет 2019 жылы 11 миллион халқы бар Қытайдың орталық қаласында табылған еді. Алайда пандемия кезінде Қытай тез арада карантин жариялап, халықты жаппай тексеріп, індеттің алдын алған болатын. Елде қазір індетті жүз­деген адам ғана жұқ­тыр­ғаны­мен, инфекция бұрынғымен салыстырғанда кеңірек ауқымға таралған. Бұл жолы вирус бір­неше провинция мен қалаға, ел астанасы – Бейжіңге жеткен.

Уханда дүйсенбіде үш жағдай анықталған. Бұл жолы елдегі науқастардың көбі бүкіл әлемде жылдам таралып жатқан «Дельта» нұсқасын жұқтырған екен. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы бір күн бұрын 90 жаңа жағдай, соның ішінде 61-і жергілікті халық арасында және 29-ы жақында шетелден келгендер арасында расталды деп хабарлады. Қытайдағы жергілікті жағдайлардың көпшілігі елдің шығысындағы Цзянсу провинциясында тіркелген. Індет провинция астанасының әуежайынан басталған.

Үкіметпен бірлесе жұмыс іс­тейтін ғалымдар қытайлық вакциналар коронавирустың жаңа штамдарына қарсы аса тиімді емес деп хабарлады. Дегенмен белгілі дәрежеде қорғай алады. Қазіргі уақытта Қытайда тек жергілікті вакциналар қолданылу үстінде. Биліктің айтуынша, 1,6 миллиардтан астам доза вакцина алынған.