• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Тарих 17 Тамыз, 2021

Ежелгі дәуір елесі

672 рет
көрсетілді

Тарихын аңызға сүйеген алаштың қасқыр мінезіне қарап бойынан бөрілік сипатты байқайсыз. Тіпті онысын тасқа қалап, ағашпен ойып та баяндайды. Бөрілі байрақ қолға алып шапқан бабамыздың ерлігі өз алдына, топырағын қазсаң қазба байлығынан да көкбөрілік рух аңқып тұрады. Тасқа қашап, ағашты жонып салынған суретке қарап, ежелгі дәуірдің келбетін көреміз. Бұл – біздің тарихтың шежіресі.

1980 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспеди­циясы атақты археолог К.Байпақовтың же­тек­шілігімен Құйрық төбе қалашы-­ ғындағы (Отырардан батысқа қарай 6 км жерде орналасқан) қазба жұмыс­тары кезінде бетінде өрнектер бейне­лен­ген ағаш тақтайлар анықталған. Оты­рар алқа­бында қазылған Құйрық төбе са­райы Тарбанд-Отырар иелігінде отыр­ған түркі билеушілерінің ордасы болып табылады.

Құйрық төбе қалашығы аумағында төрт зәулім ғибадатхана мен тұрғын жай орындары ашылған. Сарайдағы қаз­ба жұмыстары барысында орталық сал­танат бөлмесінен табылған ағаш тақ­тайларда діни және зайырлы өмір сах­­наларының бейнелері ойылып салынған.

ІХ-ХІ ғғ. Фараб өңірінің астанасы болған Құйрық төбе қала­сын­да жүр­гі-­ зілген археологиялық қазба жұ­мыс­­та­рының нәтижесінде сарай ке­ше­ні­нің орны ашылған. Тұтас ком­по­зи­­ция бейнеленген Салтанат бөл­ме­сі­­нің қабырғасын көрініспен безен­ді­рі­­луі ерекше. Ғалымдардың пікірін­ше, тақ­­тайшалардағы бейнелер түркі тайпа­ларының белгілі ақсүйек өкілдері болған.