• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2021

Ауғандағы ағайын назардан тыс қалмайды

353 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасымен кеше сағат 17:00-де ӘӘК С-295 әске­ри-көлік ұшағы Алма­тыға сәтті қонды. Оның ішін­де Ауғанстаннан эва­куа­ция­ланған 42 азамат бар. Бұл туралы Қорғаныс министр­лігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, елімізге 42 жолаушы келген, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елші­лігінің қызметкерлері бар. Одан басқа, осы бортпен Қырғыз­станның өтініші бойынша Қыр­ғыз Республикасының 14 аза­маты эвакуацияланды. Гума­ни­тар­лық операция ретінде осы ұшақ­пен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азама­ты мен 1 Литва азаматы Ауғанстан Ислам Рес­пуб­ликасы­нан шығарылды. «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы әрдайым шетелдегі өз аза­маттарының мүд­делері мен құ­қық­тарын қор­ғайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан Пре­зи­денті Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстандағы қазақтардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда тарихи Отанына қайтару мәселесі бо­йынша барынша көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Ауғанстандағы этностық қазақтардың өтінішіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда тарихи Отанына қайтару мәселесі бо­йынша барынша көмек көрсетуді тапсырды», деді А.Смадияров арнайы брифингте.

Қазіргі кезде Ауғанстандағы елшілікке тиісті тапсырма беріл­ді. Осы орайда Сыртқы істер ми­нистрлігінің ресми өкілі ауған жерінде мыңдаған қазақ бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бізде бар мәліметтерге сәй­кес, Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этностық қазақ отбасы тұ­ра­ды – шамамен 200 адам. Ал кей­­бір қазақстандық бұқаралық ақпа­рат құралдары ауған жерін­де бір­неше мың қазақтың тұра­ты­ны ту­ралы тексерілмеген ақпа­рат та­ратты. Бұл шындыққа сәй­кес кел­мейді. Осыған байла­ныс­ты ақ­па­ратты мұқият тексеріп отыруды және халықты дүрліктірмеуді сұ­раймыз», деді А.Смадияров.

Оның айтуынша, соңғы кезде елшілікке өздерін «қазақпыз» деп таныстыратын түрлі топтар жиі келе бастаған. Бірақ іс жүзінде ешқандай дәлелі жоқ.

«Олардың кейбіреуі қазақша білмейді. Ата-бабаларының Ауған­стан аума­ғына қоныс аудару тарихы мен ру-тайпалық байла­ныс­тары туралы да айта алмай­ды. Біз этностық қазақтардың тарихи Отанына ора­луына көмек көр­сету туралы өтініштерге мұқият тек­серіс жүр­гіземіз», дейді минис­трліктің ресми өкілі.