• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Шеңбердегі шарапат

382 рет
көрсетілді

Ұлытау ауданында «Халық қатысатын бюджет» атты жоба сәтті іске аса бастады. Мысалы, осы аудандағы Шеңбер ауы­лын­да аталған жоба аясында заманауи спорт және балалар алаңқайлары салынып, пайдалануға берілді.

Жаңа нысандардың көлемі 160 шаршы метр аумақты алып жатыр. Алаңқайлардың айналасы темір шарбақпен қоршалған. Ойын балалары құлаған жағ­дай­да жарақат алып қалмас үшін алаңқайдың табанына құм тө­­селген. Ал спорт алаңында са­ла­матты өмірді серік еткен тұр­­ғындар 25-ке тарта жаттығу құ­ра­лын пайдалана алады.

Шеңбер ауылының әкі­мі Са­ғат Сұлтанов бұл алаң­қай­лар­дың жергілікті тұрғындардың тілегі бойынша салынғанын айтады.

– Алаңқайлардың пай­да­лануға берілуі ауылдағы балалар және дене шынықтырумен айналысқысы келетін үлкендер үшін зор қуаныш болды. Қазір бала біткен ертеден кешке де­йін осы жерден шықпайды. Сала­матты өмір салтын ұстанушылар қатары да молая түсті, – дейді ауыл әкімі.

Еске салар болсақ, «Халық қа­­ты­­сатын бюджет» жобасы тұр­­ғындардың бастамасы мен ұсы­­ныстары бойынша ел­ді ме­кен­дерді дамыту және абат­­­тандыруға қызмет етеді. Тұр­ғын­дарды елді мекендерді бас­қару ісіне бел­сен­ді тартуға мүм­кіндік бере­тін бұл игі шаруа жер­гі­лікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжы­рым­­дамасына сәй­кес жүзеге асырылады.

 

Қарағанды облысы