• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ғылым 26 Тамыз, 2021

Университет дәстүрлі форматта оқытуға дайын

266 рет
көрсетілді

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің инфрақұрылымы студенттерді дәстүрлі оқыту форматында қабылдауға толығымен дайын. Бұл туралы университеттің басқарма төрағасы – ректоры Жасұлан Шаймарданов білім шаңырағының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг барысында айтты.

Білім ордасының ректоры Жасұлан Шаймардановтың айтуынша, профес­сор­лық-оқытушылар құрамы мен қыз­меткерлердің 98%-ы вакцина алды. Қыз­меткерлер мен оқытушыларды вак­ци­на­лауға тарту үшін түсіндіру жұ­мыстары мен ынталандыру шаралары жүргізілген. Вакцина алған 500-ге жуық қызметкерге сыйақы түрінде материалдық көмек бе­рілді.

– Вакциналау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, медицина қызметкерлерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде қазір студенттердің арасында вакциналау қарқынды жүруде, – деді Жасұлан Құдайбергенұлы.

Биылғы оқу жылында вакцина алған ақылы бөлімнің студенттері үшін оқуға 5% жеңілдік қарастырылған. Соны­мен қатар студенттер арасында сый­лық сертификаттарының ұтыс ойыны өткі­зі­ліп, 60 студент қаржылай сертифи­катқа ие болды. Ақшалай жүлделер ұтыс ойы­нында 70 студентке берілмек. Алдағы қыркүйек айында студенттердің Абай жеріне туристік сапары және «Простор» жазғы экспедициялық кампусында тимбилдинг өткізу жоспарланып отыр.

Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес шектеу шаралары енгізіліп, жа­тақхана, кітапхана, барлық оқу корпус­тарына оқытушылар мен студенттер Ashyq жүйесі арқылы кіреді.

Университет басшысы айтып өт­кен­дей, оқу корпустары мен жатақ­ха­налар санитайзер, дезинфек­циялық және квар­цтауға арналған шамдармен, дезин­фекциялық кілемшелермен қам­та­масыз етілген. Медициналық пункт барлық қажетті препаратпен жабдықталған. Студенттер мен қызметкерлердің денсаулық жағ­дайын бақылау үшін «Олимп» зертханасымен келісімшарт жасалып, COVID-19 тестілерін жедел өткізу үшін экспресс-тесттер сатып алынды.

Санитарлық-эпидемиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мақсатында жа­салған Регламент бойынша кіреберіс­тер­де дезинфекциялық тоннельдер орна­тылған. Маскалық режім, термо­г­ра­­фиялық бақылау, ғимаратты сани­тарлық өңдеу кестеге сәйкес жүзеге асы­рылады. Барлық аудиториялар мен зерт­ханаларда, асхана мен кітап­ханада қашықтық сақтау таңбалары жасалды. Дәрігердің кезекшілігі ұйым­дас­ты­р­ылып, жатақханада студент­тер­дің ден­саулығына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Кітапхананың оқу залы кең және көпфункционалды. Студенттер кітапхана қорына еркін қол жеткізе алады. Қажетті кітаптарды өз бетімен алуға, тіркеуге және пайдалануға жағдай жасалған.

Университеттің басқа қала-аудан­дардан келген студенттерге арналған 1500-ден аса орындық үш жатақханасы бар. Бұл жатақханаға қажеттілікті то­лы­­ғымен жабады. Болжам бойынша жатақ­ха­наға қажеттілік – 985 орын, оның ішінде «Серпін» бағдарламасымен оқи­тын 178 студент бар.

Жаз бойы жатақхана бөлмелерінде, жылу және су жүйесіне, тұрмыстық тех­никаға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жаңа жиһаздар жасалды. Барлық жатақ­ха­на­ларда фитнес залдары жаб­дық­талған.

Университеттің академиялық қыз­мет жөніндегі проректоры Жадыра Қоңыр­бае­ва түсіндіріп өткендей, биыл студенттер бакалавриат, магистратура және докторантурада аралас оқыту фор­маты бойынша білім алады: дәрістер онлайн, тәжірибелік және зертханалық сабақтар офлайн өтеді.

Пәндердің электрондық мазмұнын оқытушылар Oren Edx, MOODLE ВКТУ, Google Classroom платформаларында жүктеді. Студенттер апта сайын бейнематериал түрінде берілген дәрістермен өз бетінше танысады және тақырып бойынша оқиды. Дәріске қатысу арнайы жүйелермен бақыланады. Ал тә­жірибелік сабақтар қоңыраулардың икемді кестесімен және екі ауысыммен, сабақтар арасындағы әртүрлі уақыттағы үзілістермен өтеді.

Студенттер аудиторияда 2 метр, зертханада 5 метр әлеуметтік қашықтықты сақ­тай отырып, шахмат тәртібімен отырады. Аудиториялардың толымдылығы 50%-дан аспайды. Оқу практикасы тео­­риялық оқытуға біріктірілген және сту­денттер базалық инженерлік білік­ті­ліктерді университеттің құзырет­тілік орталықтарында ала алады.

– Физика мен химия пәндері­нің зертханалық жұмыстарға алдын ала жазылады. Зертхананың жұмыс кестесін, жұ­мыс­тың әдістемелік нұсқаулықтарын білім беру порталында орналасқан EKTU-LAB парақшасы арқылы білуге болады. Онда алдын ала жазылып, зертханалық жұмыстардың орны мен уақытын брондауға болады, – деді проректор Жадыра Қоңырбаева.

Дене шынықтыру пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде сту­денттерге «Таңдау», «Коман­да», «Денсаулық», «Кәсіпқой» бағ­дар­лама­ларының бірін таңдау ұсы­ны­лады. Оқу жүктемесінде дене шы­нық­тырумен айналысудан басқа, дарынды студенттерді анықтау, оларды спорт секцияларына тарту, жоғары дең­гей­дегі жарыстарға дайындау ұйым­дас­тырылады. Мәселен, «Команда» бағ­дар­ламасы бойынша студенттер спорт­тың 15 түрі бойынша жыл сайын­ғы Уни­версиадаға дайындалады. «Ден­саулық» бағдарламасындағы сабақтарға анықтама бойынша босатыл­ған студенттер қатысады. Ал «Кәсіпқой» бағ­дарламасы кәсіби спорт түрлерімен ай­налысатын спорт шеберіне үміткер студенттерге арналған.

 

Айжанат БАҚЫТҚЫЗЫ