Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 6-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының ата-аналары және қамқоршыларына телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймақтарынан, 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен 1200 респондент қатысты.
Сауалнаманың негізгі нәтижесінде мына жайттар анықталды.
Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді, офлайн форматқа қайтып көшу үшін ата-аналар білім ордасында санитарлық талаптарды толыққанды сақтауға дайын.
Ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына "Ашық" қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайды.
Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 19,6% өз баласына екпе салдыруға дайын.
Балаларға екпе салудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - балаларда сәтті сынақтан өткен екпенің болмауы.