• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Тамыз, 2021

Қарашығанақ: Ел ертеңіне бағытталған стратегия

882 рет
көрсетілді

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» халықаралық консорциумы Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын 20 жылдан бері игеріп келеді. Оның құрамына Royal Dutch Shell, Eni, Chevron, LUKOIL және «ҚазМұнайГаз» АҚ секілді әлемнің жетекші компаниялары кіреді.

1997 жылдан серіктес компаниялар жобаны дамытуға шамамен 28 млрд АҚШ долларын инвестициялады. 2021 жылдың соңғы алты айында ғана кен орнында тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутектер, экспортқа арналған шикі газ және отын ретінде пайдалану үшін тазартылған газ түрінде 73 млн баррельге жуық мұнай эквиваленті өндірілді. Сонымен қатар резервуарға шамамен 5 млрд текше метр шикі газ айдалды, бұл өндірілген газдың 48,4% -ды құрайды.

Кен орындарында өндіру сөресін ұзарту, газдың өндіріс шектеулерін алып тастау және газды айдаудың төртінші компрессорын орнату бойынша жобалар жүзеге асырылып отыр. Қарашығанақта өндірістің ең көп көлемін сақтауға мүм­кіндік беретін 5-ші инфрақызыл құбыры пайдалануға берілді.

Кен орнында қоршаған ортаны қор­ғаудың ең жоғары экологиялық стан­дарт­тары сақталуда. Атмосфераға шығарын­ды­лар, ағынды сулар ағызу, қалдықтарды жою және өңдеу, сондай-ақ атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті және жер­ас­ты суларының жай-күйі үнемі бақы­ла­нады. ҚПО қоршаған ортаны қорғау шараларына 437 млн доллар инвестициялады. Нәтижесінде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарашығанақтағы газды пайдалану коэффициенті 99,94%-ды құрады, бұл – әлемдік деңгейдегі жетістік. Компания парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және өндірістің энергия тиімділігін арттырудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуде.

Қазақстандық бизнесті қолдауға маңызды стратегия бағытталған. Жобаға отандық тауарлар мен қызметтер өндірушілері қатысады. Оларға жетекші шетелдік компаниялардың тәжірибесі мен технологиясын үйренуге айрықша мүм­кіндік беріледі. ҚПО көмегімен бір­лес­кен кәсіпорындар құрылып жатыр, соның нәтижесінде отандық зауыттар мұнай-газ өнеркәсібі үшін бұрын шетелден әкелуге тура келетін жоғары дәлдік­тегі қондырғылар шығаруды игеруде. Осылайша, жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артады, олардың өндірістік әлеуеті кеңейеді. Өндірісте ұзақ мерзімді тапсырыстар болғандықтан, олар жабдықтарын жаңартуға, жұмысшы­лардың біліктілігін арттыруға және өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда ҚПО жобаларындағы жергілікті қамту үлесі 72%-дан немесе ақшалай түрде 296 млн доллардан асты.

Қарашығанақты игеруге мыңдаған отандық мамандар атсалысуда. Бүгінде кен орнындағы инженерлер мен техни­калық қызметкерлердің 98 пайызы – қазақ­стандықтар. Жергілікті қызмет­кер­лер басқару тобының 84%-ын құрайды. ҚПО мамандары қазақстандық қыз­меткер­лерге кәсіби өсуге және білік­тілігін арт­тыруға көмектеседі.

Консорциум Батыс Қазақстан облы­сын­дағы жол, көпір, аурухана, мектеп, балабақша, спорт кешендері мен мәдениет үйлерінің құрылысына инвестиция салуды жалғастыруда. Биыл компания Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал және Теректі ауданының Подстепное ауылдарындағы екі жаңа спорттық-сауықтыру кешенін іске қосты. Бұл ҚПО Батыс Қазақстан облысының ұзақ мерзімді даму жоспарларына қосқан үлесі. Аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларына 439 млн доллар жұмсалды.

Бүгінде әлемдік мұнай нарығында коро­навирус пандемиясына байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Осыған қарамастан ҚПО өндірістік қызметі жоспар бойынша жүруде және барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Тиімді нәтижеге тек компания қызметкерлерінің, мердігерлердің, ҚПО мен аймақтық менеджменттің бірлескен күш-жігері арқылы қол жеткізуге болады. COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Қазақстанның саясаты мен ДДҰ ұсынымдарына толық сәйкес келетін әрекет ету жоспары мен стратегиясы әзірленді. Олар ең алдымен қызметкерлер мен мердігерлерге қамқорлық жасауға, вирустың таралуына қарсы тұруға және тәуекелді басқаруға бағытталған. Бұл ретте компания басшылығы індетпен күресте жергілікті халыққа да көмектеседі. ҚПО өз қызметкерлерінің вакциналау ерікті қатысуын ынталандыру арқылы үкіметтің COVID-19-ға қарсы вакциналау бағдарламасын қолдайды.

Бөрлі орталық аудандық ауруханасында жедел медициналық көмекті жақсарту бағ­­дар­ламасы аясында ҚПО қолдауымен 2021 жыл­дың маусымында реанимация мен КТ па­латаларын орналастыру үшін жа­ңа қа­былдау-диагностика бөлімі ашылды.

Компанияның негізгі ресурсы – жақсы үйлес­тірілген кәсіби команда. Ең жақ­сы нә­ти­жеге қол жеткізу үшін денсау­лыққа, қауіп­сіздікке және қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ экономикалық тиімділікті барынша арттыруға ерекше назар аударылады.

Биыл ҚПО үшін де, бүкіл ел үшін де ерекше жыл болды. Жобаның тарихы еге­менді Қазақстанның қалыптасуымен ты­ғыз байланысты. Тәуелсіздіктің 30 жыл­­дық мерейтойы – бұл кен орнының ко­ман­дасы Қазақстан Республикасымен бірге ұзақ жолға сапар шегу кезеңіндегі ма­ңыз­ды кезең. Оның жетістіктері – ел­де қолайлы инвестициялық ахуалдың нә­ти­жесі. ҚПО басшылығы әрқашан Қазақ­стан­ның уәкілетті органдарымен өзара тиімді ұзақ мерзімді серіктестік қа­ғи­даттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және облыстың жалпы Қа­зақс­тан Республикасының тұрақты эко­но­ми­калық дамуына елеулі үлес қоса отырып, Қарашығанақ кенішінің орасан зор әлеуетін толық игеруді қамтамасыз етуге ұмтылады.