• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тарих 02 Қыркүйек, 2021

Көне қыстау орны табылды

593 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министр­лігінің қолдауымен қолға алын­­ған «Нұра-Есіл өзен­дері ара­лығының мәдени гене­зисін қа­лыптастырудағы палео­гео­г­ра­фиялық фактор: үй құры­лы­сының ерекшеліктері және оның эволюциясы» атты археоло­гия­лық барлау жұмысы аясында қызмет атқарған археологтер жақында елорда іргесінен ХVIII ғасырға тән қазақ қыстауының орнын тапты.

Нысан елорда іргесіндегі Бозоқ көлі­нің жағасына жақын орналасыпты. Бол­жам бойынша мұнда дәулетті адам өмір сүр­ген. Оған қазба кезінде табылған жәді­герлер мен қираған үй аумағының үлкен­дігі айғақ. Мамандардың айтуы бойынша, бұл қыстақ осыдан екі ғасыр бұрын са­лын­ған. Оған қазба кезінде табылған мәлі­меттер куә. Өйткені үй орнынан қа­быр­­­­ғаны жы­лытатын пеш табылып отыр. Ол бес құдыққа бөлініп қаланған. Бұ­ған жиек­т­ес үлкен қораның сорабы са­қталған. Бұ­дан басқа, қылыш, тоқыма зат­тар, дәрі құю­­­ға арналған шыны ыдыс, көп­теген ке­­ра­­­микалық бұйым қазылып алынып­ты.

Осында қазба жұмысын жүргізген археолог Серғазы Сәкеновтің пайымдауынша, жоғарыда табылған тұрмыстық заттар ХVIII ғасырға тән екені анық және мұндай қымбат дүниелерді сол кезде дәулетті адамдар қолданатын болған.

Сондай-ақ қазба кезінде табылған жа­нуарлар сүйегіне қарағанда, мұнда негі­зінен жылқы мен ірі қара мал ұсталған. Тұ­рақ­тың батысы жайлау, ал шығыс бөлігі қыс­тау ретінде қолданылған. Сонымен қа­тар бұл жерден ертедегі сүттартқыш құ­рал­дың бөлшегі табылуына қарағанда, ХVIII ғасырдың өзінде қазақтар сүт пен қай­­мақты айырып пайдаланғаны бай­қалады.

«Бүгінде ХVIII-ХІХ ғасырдағы тари­хымызды түгендеуге ерекше көңіл бөлі­нуде. Біз осы қыстауды зерттей оты­рып, сол кез­дегі халықтың кәсібін білгіміз кел­ді. Қазірдің өзінде олардың сыртпен ба­рыс-келіс жасағаны, осы жерде сауда ісі да­мығанын анықтадық. Олар мал шаруа­шы­лығымен айналыса отырып, алын­ған өнімді өңдеумен де айналысқан» дейді «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени му­зей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Ғаниева.