• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2021

Солтүстік өңірлерде күн суытады

326 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте қатты жаңбыр болжанып отыр. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылу, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылуды көрсетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылыға дейін күтіледі», деп жазылған Қазгидромет хабарламасында.