10-16 қыркүйек аралығында Ресей мен Беларусь елдерінің аумағында «Батыс-2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінен 100-ден астам әскери қызметші қатысады.
Заңсыз қаруланған құрамаларға күрес жүргізуге бағытталған бірлескен маневрлер екі кезеңде өтеді. Онда арнайы жауынгерлік операцияларды жүргізудегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады. Командирлер көпұлтты күштер құрамында бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіреді. Жеке құрам заңсыз қаруланған құрамаларға барлау-іздестіру іс-қимылын, бұғаттауды және жоюды жүргізеді.
«Батыс-2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы барысында Ресейдің екі полигонында және Беларусь елінің бес полигонында әскерлердің практикалық іс-әрекеті өтеді.