• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 10 Қыркүйек, 2021

Маңызы зор қағидалар жүйесіне негізделген

175 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы – табиғи таза қалпымен арайлап атқан таңдағы тау самалындай әсерлі, кісінің көкірек сарайын ашатын ерекше мағыналы құжат. Бүгінгідей пандемия жағдайында оның өмірлік маңызы бар.

Жолдаудағы ауыл шаруашы­лығының ұлттық экономика­ның негізгі қозғаушы күшіне айналатыны туралы қағида ауыл шаруа­шылығы мамандары­ның ғана емес, ел жағдайын ой­лай­тын бүкіл қауымның ойын толқытып, тереңде жатқан арманы мен үмітін, сыры мен шынын шайқады. «Ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіру мүмкіндігі» тура­лы сөз – шындықтың жүзіне тура қарап айтылған, ауыл ең­бек­керлерінің жарқын болашаққа деген үміті мен талпынысын күшейтетін тұрлаулы тұжырым.

Жолдаудағы әлеуметтік ма­ңызы зор, өмірлік мәні үлкен ой­­ла­р­дың тұтасқан бір желісі қол­же­тімді әрі сапалы білім туралы. «Біз­дің білім беру жүйеміздің қол­жетімді әрі инклюзивті болуы» жа­йын­дағы қағида – Президент Жол­дауындағы әрбір отбасының, үл­кен­нің де, кішінің де көкейін тес­кен өзекті мәселе. Бұл мәселенің ше­­ші­ліп, іс жүзіне асуына қабілеті мен бі­лік­тілігі бар әрбір маман өз та­ра­п­ынан лайықты үлесін қосуы абзал.

Мемлекет басшысының Жол­дауында әлеуметтік маңызы жоғары, әрбір ата-ананың, әрбір қоғам мүшесінің көңілінде тұнып тұрған іргелі ойлармен сабақтас өмірлік мәні терең ірі міндеттер тиянақталған, жалпыхалықтық, ұлттық, мемлекеттік маңызы зор қағидалар жүйесі негізделген. Оларды нақты іс-қимыл арқылы жүзеге асыру мемлекеттік атқару институттарынан үлкен жауап­кершілікті, кәсіби біліктілік пен іскерлікті талап етеді. Білім, ғылым саласындағы оқу орындары мен зерттеу институттары Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерін талдап, талқылап, оны жүзеге асыру мақ­сатында белсенді ізденіс жұмыс­тарын бастап кетті.

 

Жанғара ДӘДЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор