Шахтинск қаласындағы № 6 жалпы білім беру мектебінің меңгерушісіне балаларға тіл тигізгені үшін қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, әдепсіз мінез-құлыққа жол берген педагог білім беру жүйесінде 20 жылдан астам, ал № 6 мектепте соңғы үш жыл жұмыс істейді. Ол 8 «В» сынып оқушыларына тіл тигізіп ұрысқан.
«Қызметтік тергеу мен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша оқу меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ қалыптасқан жағдайды реттеу үшін мектеп әкімшілігі кеңейтілген ата-аналар жиналысын өткізеді», деп хабарлады Шахтинск қаласының білім беру бөлімінде.
«Жиналысқа педагогтар мен ата-аналар, сондай-ақ педагогикалық этика кеңесінің мүшелері қатысады. Бөлім бастығы бұл оқиғаның себептерін баяндап, этикалық емес мінез-құлқы үшін кешірім сұрайды», деп қосты Департамент.
«Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау туралы мәселені қараумен педагогикалық кеңестердің кезекті отырыстары өтеді», деп атап өтті ведомствода.