• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2021

Солтүстік Корея жаңа зымыранын сынақтан өткізді

294 рет
көрсетілді

Солтүстік Корея демалыс күндері алысқа ұшатын жаңадан әзірленген қанатты зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді.

Кореяның орталық ақпарат агенттігі өз кезегінде екі жыл бойы әзірленген қанатты зымырандар сенбі және жексенбі күндері ұшу сынақтары кезінде 1 500 шақырым қашықтықтағы нысанаға дәл тиетінін көрсетті деп хабарлады. Солтүстік Корея өзінің жаңа зымырандарын «үлкен стратегиялық қару» ретінде көрсетті. Бұл оқиға ел көшбасшысы Ким Чен Ынның елдің әскери күшін нығайтуға қатысты үндеуіне сай келеді. Солтүстік Кореяның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары іс-шара кезінде ауада қалықтаған қанатты зымыранның суреттерін жариялаған.

Солтүстік Кореяның қару-жарақ сынақтары АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ұстанымына қарсы тұратын ядролық және зымыран бағдарламасын құруға арналуы мүмкін. Дегенмен үшінші тарап сарапшылары бұл әрекетті елдің саяси талаптарын Вашингтон мен Сеулдегі көшбасшыларға жеткізудің тәсілі ретінде қарастырады.

Солтүстік Корея осыған дейін наурыз айында жаңа үлгідегі екі тактикалық зымыранды теңізге атып сынақтан өткізгеннен кейін тынышталған.

Оңтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі демалыс күндері сынақтан өткен зымырандар 126 минут ішінде Солтүстік Корея аумағы мен суларының үстінен «сопақ және 8-ге ұқсас пішінде айналып» ұшып нысанаға түскенін айтады.