• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қыркүйек, 2021

Ет неге қымбаттады?

208 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында ет бағасының қымбаттауына себеп болып отырған факторларды атады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк төрағасының мәлімдеуінше, биылғы жылғы сәуір-тамыз аралығында жылдық инфляция 7,0%-тен 8,7%-ға дейін жылдамдады. 2008 жылдан бері алғаш рет тамызда бағаның өсу көрсеткіші ең жоғары болды.

«Азық-түлік инфляциясы тарапынан бағаларға негізгі қысым көрсетіледі. Оның жылдық өсуі бір айда 0,4 пайызға өсіп, осы жылғы тамызда 11,4%-ға жетті. Ет, көкөністер, май және қант бағасының өсуі байқалады. Осы тауарлардың азық-түлік компонентіне қосатын үлесі биылғы мамыр-тамызда 2,55 пайызды құрады», деді ол.

Сонымен қатар ет бағасының өсуіне жем-шөптің 25%-ға қымбаттауы да әсер еткенін атады. Себебі, министрдің айтуынша, жем-шөп дақылдарының құны ет өндірісінің өзіндік құнының 70%-ын құрайды.