• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Спутник V вакцинасын мақұлдау процесі тоқтатылды

160 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің Спутник V вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты.

 Бұл туралы ДДҰ жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы дирек­то­рының орынбасары Жарбаз Барбоза брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, ДДҰ шұғыл қолдануға болатын коронавирусқа қарсы вакциналарды мақұлдау үшін өндіруші вакцина шығаратын кә­сіпорындар қажетті стандарттарға сәйкес келе­тін­дігін дәлелдеуі керек.

Ереже бойынша фармкомпанияларға қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптар – Good Manufacturing Practices (GMP) құжатында айтылған. Фармацевтикалық өнімдерді жасаумен айналысатын кәсіпорындар тиісті өндірістік практика стандарттарын ұстануға міндетті. Жарбаз Барбоза бұл процедура ресейлік тарап анықталған кемшіліктерді толығымен жойғаннан кейін ғана жалғасатынын айтты. Одан кейін ДДҰ өкілдері тағы бір тексереді.