• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2021

Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті

454 рет
көрсетілді

Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонының аумағында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өңірлік жедел штаб басшылығымен жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу барысында төтенше оқиғалар туындаған жағдайда тиісті органдардың іс-қимылдарының өзара үйлесімді әрекеттері пысықталды.

Шараға барлығы 2088 қызметкер, 70 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу мемлекеттік органдардың өзара әрекетін жетілдіру, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіп-қатерлерге жедел штабтың күші мен дайындығын арттыру, іс-қимыл алгоритмін пысықтау, барлық мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жоспарды орындау мақсатына негізделді.

Барлық органдардың үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде оқу-жаттығуларда көзделген міндеттер толығымен орындалды.

Өңір басшысы белсенді қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтып, оқу-жаттығудың қорытындысын жоғары бағалады.