Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық боксшылардың позициялары:
Екінші орта салмақ бойынша Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды, ол ресейлік Евгений Шведенкодан бір жол төмен орналасқан.
Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос.
IBF әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Калеб Плант.
Орта салмақтағы қазақстандықтардың рейтингі өзгермеді:
Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, ал Қанат Ислам 13-орында қалды.
Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі, мұнда да алдыңғы екі позиция – бос, ал үшінші орында – Патрик Войцицки.
Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бұрынғыша 14-орында қалды.
Үздік үштік келесідей:
Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер мен Джарон Эннис (екеуі де – АҚШ). Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев та өзінің позициясын өзгертпеді – бұрынғыша 13-орында тұр.
Рейтингіде аргентиналық Йеремиас Понсе көш бастаған. Одан кейін пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиас пен аустралиялық Лиам Паро орналасқан. Осы салмақтағы IBF әлем чемпионы белдігін британдық Джош Тэйлор иеленген.