• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қазан, 2021

12 жастағы оқушы Пермь аймағында оқ жаудырды

369 рет
көрсетілді

Пермь өлкесіндегі мектептердің бірінде 12 жасар бала оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сарс кентінің алтыншы сынып оқушысы оқу орнына мылтық әкеліп, екі оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ», делінген Mash Telegram арнасының хабарламасында.

«Пермьдегі мектепке қару-жарақпен келген мерген - алтыншы сынып оқушысы Дима Губаев. Ол қаруды әкесінен ұрлап кеткен. Оқиға таңертең сабақ басталғанға дейін болған және мектепте балалар аз болған», делінген Baza Telegram арнасының хабарламасында.

Mash мәліметтері бойынша, алтыншы сынып оқушысы осылайша сыныптастарынан кек алғысы келді.

«Бүгін сағат 08:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09:00) Пермь өлкесінің Октябрь қалалық округінің полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың мектепте қабырға мен төбеге екі оқ атқаны туралы хабарлама келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жасөспірім ұсталды», деді РИА Новости Ресейдің Пермь өлкесіндегі ІІМ ММ-ге сілтеме жасап.