• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2014

Міндет мінсіз орындалуда

290 рет
көрсетілді

Қазіргі күні мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер айқындалғаны белгілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында мәлімдеген болатын. Елбасы: «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі», деп шегелеп берген еді. Міне, біздің экономикамыз өр­кендеп, технологиялар мен иннова­циялар елімізге кеңінен тартылатын болсын десек, темірдей тәртіп пен заң талаптарының сақталуы мүл­­тіксіз орындалуы керек. Бұл орай­­­­­да еліміздегі қауіпсіздік, тәр­тіп, тұрақтылық, бейбітшілік не­­­гі­з­­­­­­­­­­дері – заң арқауының кепілі. Ал заң үстемдігін жүзеге асыратын елі­­­­міз­дегі бірден-бір құзырлы орган – прокуратура екендігі бел­гі­лі. Ен­деше, осы орайда, біз жолық­қан Бас көлік прокуроры Ыбырай Ті­леу­ғалиев те елдегі қауіпсіздіктің, эко­номиканың кү­ре­тамыры болып табы­латын кө­лік  тасымалдарындағы қолайлы жағдайлар интеграциялық ахуал­ды жақсарта түсетіндігін  атап көрсетті. Оның айтуына қарағанда, Қазақ­стан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі ара­лыққа арналған Құқықтық сая­сат тұжырымдамасындағы прокуратура органдарының үйлестіру рөлін арттыру бойынша бекітілген мақсаттарды ескере отырып, мұ­най және мұнай өнімдері айналымы саласындағы мемлекетке, сондай-ақ, қоғам мен бизнеске елеулі экономикалық зиян әкел­ген «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұру мәселесіндегі жұмыстар бел­сенділендіріле түскен. Елбасы Жол­дауында: «Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын ай­қын көріп отырмыз», деген болатын. Осы мақсатта негізгі күш-жігер мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталатыны айтпаса да түсінікті. Ал осы орайда, қалпына келтірілген шығынның сомасы 4,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 2 млрд.-дан астам теңге мем­лекеттік бюджетке түсірілді, деп азаматтардың әлеуметтік төлемдері қамтамасыз етілгендігін алға тартты Ы. Тілеуғалиев. Жолдауда біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану керектігі де айтылды. Онда, әрине, алдымен барлық заң талаптары сақталуы қажет. Міне, осы орайда кеден саласында тауарларды кедендік декларация­ларда толық жарияламаудың 45 дерегі анықталып, аталған дерек бойынша 16 қылмыстық іс және 26 әкімшілік іс қозғалып, мемлекеттің бюджетіне 1,3 миллиардтан астам теңге көлемінде қаражат өнді­рілген. Мәселен, Ақтау сауда пор­тынан «Морпорт-Ақтау» арнайы экономикалық аймағының қаты­сушысы мәртебесін жоғалтуына байланысты мемлекеттік бюджетке 511 млн. теңге өндірілген. Бұл тұрғыдан алғанда, яғни заңдылықты сақтау жөнінен өткен жылы көлік прокуратурасының қызметі азаматтардың жүйелі түрде бұзылған құқықтары мен бостандықтарын анықтауға және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға бағытталыпты. Осыған байланысты,  әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау кезінде 1796 тексеріс жүргізіліп, 27 196 заң бұзушылық анықталған және 3008 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, соның ішінде 1934 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс қаралған, 461 наразылық, 29 талап-арыз және арыздар қанағаттандырылып, 169 ұйғарым орындалған, 354 заңды түсіндіру актісі шығарылып, заң бұзушылықтың алдын алу мақ­сатында 60 алдын ала ескерту актісі берілген. Тексеріс нәтижесі бойынша 49 қылмыстық іс қозғалыпты. Прокурорлық ықпал ету шарасымен 1024 заңсыз шығарылған актілердің, соның ішінде 2 нормативтік құқық­тық актілерінің күші жойылып, өзгерістер енгізілген, тәртіптік жа­уап­кершілікке – 2628 адам, әкім­шілік жауапкершілікке – 1876 адам, материалдық жауапкершілікке 194 адам тартылған. – Осы және өзге де іс-шара­лардың нәтижесінде көліктегі қыл­мыстық ізге түсу органдарымен өт­кен жылы  ҚК-нің 183-1-бабымен (мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ, мұнайды өңдеу) 38 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 9 іс прокурорлармен қозғалды. Мысалы, 2013 жылдың ақпан айында көлемі 1 366 тонна болатын, жалпы сомасы 186,9 млн. теңгені құрайтын заңсыз қылмыстық жолмен өңделген шикі мұнайды иемденіп және өткізу дерегі бойынша Қызылорда көлік прокуратурасы «Стандарт Контракт Компани» ЖШС-нің лауа­­зымды адамдарына қатысты ҚК-нің 183-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Өткен жыл­дың шілде айында аталған тұлғалар соттың үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленді. Көліктегі қылмыстық ізге түсу органдарының өндірісінде заңсыз мұнай айналымы дерегі бойынша 104 қылмыс, оның ішінде 9 прокурорлармен қозғалған қылмыстық іс болды, олардың 54-і сотқа жолданды. 125 мың тонна көлеміндегі жалпы сомасы 3,5 млрд. теңге құрайтын заңсыз мұнай айналымы анықталды.Газ жүйесіндегі ұйымдардың тек қана ішкі нарыққа арналған сұйыл­тылған газдарды заңсыз экспорттау деректері анықталды, – деді Ы.Тілеуғалиев. Сол сияқты көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында елеулі жұмыстар атқарылыпты. Мәселен, прокуратура актісімен Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің жөндеу аралық күнтізбесінің мерзімі өтуіне қарамастан, пайдаланылып жүрген 108 АН-2 ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификаттары тоқтатылған. Еліміздің негізгі заңымен кепілдік берілген аза­маттардың құқықтарының сақ­талуы мен жоғары қадағалаудың жүргізілуіне елеулі назар аударылыпты. Қабылданған шаралар бойынша көлік кәсіпорындарындағы 18 939 жұмысшының конституциялық құқықтары қорғалып, 2,3 млрд. теңгеден астам сомадағы жалақы өндірілген. «Осылайша біз прокурорлық қадағалау жұмыстарын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қа­зақстан халқына Жолдауын жү­зеге асыруға бағыттап отырмыз. Бұл жерде біздің мақсатымыз көлік­тегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы нысандарын заңсыз араласқандардан қорғау, прокуратура мен құқық қорғау органдарының елдегі заң­дылық пен құқықтық тәртіпті ны­ғайтудағы үйлестіру рөлін арттыру болып табылады», дейді Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеу­ғалиев. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».