Дамыған заманда тың технологиялар көптеген жұмысты жеңілдеткенмен, цифрлы процестер жеке мәліметтердің таралып кетпеуіне кепілдік бермейді. Кибер шабуылдан қалай сақтануға болады? DarkNet немесе «жасырын желіде» жеке, банктік мәліметтеріңіз таралып кетпеу үшін не істеу керек? Киберқауіпсіздік саласындағы осы және өзге де сауалдарға Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 22 қазандағы санында журналист Жақсылық Мұратқали жауап іздеп, маман кеңесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
DarkNet-те талай қазақстандықтың дерегі жүр. Сондықтан «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов отандастарын барынша сақ болуға шақырады.
Сондай-ақ Дмитрий Галов қазақстандықтардың жеке мәліметтері қаншаға бағаланатынын да айтты.
«Төлқұжат немесе селфи сканері бар мәліметтер пакеті шамамен 4 доллардан басталады. Бұған қоса Netflix, Amazon сынды стримингтік плафтормалардың өніміне заңсыз қол жеткізуге мүмкіндік беретін деректер де сатылады. Олардың құны – 50 цент пен 8 доллардың аралығында. Банк карталарының мәліметтері 6-20 доллар аралығында саудаланса, интернет-банкингтің тіркеу деректерінің бағасы шотта қалған сомаға байланысты деп нақтылады киберқауіпсіздік сарапшылары. Шет мемлекеттерде интернеттен тіпті медициналық картаға байланысты мәліметтерді де сатып алуға болады», дейді «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов.
Тақырыпқа қатысты өзге де құнды мәліметтерді журналист Жақсылық Мұратқалидың «Хакердің көздегені – өнеркәсіп» материалынан оқуға болады.