• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 25 Қазан, 2021

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

417 рет
көрсетілді

Ақтауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған биылғы VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті.

11 қазаннан бастап Маң­ғыстау облысында 14 облыстан келген 2000-нан астам қаты­сушы спорт­тың 14 түрінен: теңге ілу, жамбы ату, ауда­рыс­­пақ, құсбегілік, во­лей­бол, шағын футбол, қазақ кү­ресі, то­ғызқұмалақ, асық ату, гір спор­ты, қол күресі, үстел тен­нисі, жазғы президенттік көп­­сайыс және кикбоксингтен сын­ға түсті. Төрт жылда бір рет ұйым­­дастырылатын кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, са­ламатты өмір салтын серік еткен жандар өнер көрсетті.

Республикалық сайыстың салтанатты жабылу рәсімінде Маң­ғыстау облысы әкімінің бі­­рінші орынбасары Абзал Мең­­дібаев сөз алып, жеңімпаз коман­даларды м­арапаттады. Ойын­дардың соңғы күні шағын футболдан үздік шық­қан командалар белгілі болды. Ала доп бә­­секесінде Түркістан облысы топ жарса, Қызылорда об­лы­сы­ның өкілдері екінші, Аты­рау об­лы­сының спортшылары үшін­ші орынға ие болды.

Осыдан кейін «Ақ бидай» рес­публикалық ауыл спорты ойын­дарының қорытынды ұпайын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне кезек келді. Қорытынды есепте 199 ұпай жи­наған Түркістан облысы 1-орынды иеленді. Еншісінде 183 ұпайы бар Алматы облысы 2-орын алса, 164 ұпаймен Қызылорда облысының командасы үшінші орынға тұрақтады.

Дәстүр бойынша төрт жылдан кейін «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарын қабыл­дайтын өңір анықталды. Ойын­дардың туын Маңғыстау облысы Алматы облысына тапсырды.