• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 01 Қараша, 2021

Нокаутпен жеңіліп қалды

321 рет
көрсетілді

Бірінші жартылай орта салмақта жұды­рықтасатын қазақстандық кәсіп­қой боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (4-1, 3 КО) төртінші жекпе-жегін жеңі­ліспен аяқтады.

Бүгінге дейін кәсіби шаршы алаңда үш кездесу өткізіп, оның барлығында нокаут­пен жеңіске жеткен жерлесіміз ең кейінгі айқасында WBC International белбеуін иеленген болатын. Осындай айшықты жеңі­сінің арқасында барша жанкүйер жұртқа чем­пиондық үмітті сыйлаған Тұрсынбай кәсіпқой бокс­тағы небәрі төртінші кездесуінде жеңіліп қалды.

Ұлыбритания астанасы – Лондондағы York Hall аренасында өткен бокс кешінде отандасымыз доминикандық Хуан Карлос Абреумен (24-6-1, 22 КО) қолғап түйістірді. Кездесу он раундқа жоспарланғанымен, жекпе-жек 7-рануд­та өз мәресіне жетті. Кездесу бел орта­сынан ауған шақта доминикандық боксшы әуелі Құлахметті нокдаунға түсіріп, іле-шала ауыр соққысымен сұлатып салды. Сөйтіп Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, өзіне тиесілі WBC International титулынан да айырылып қалды.