Белград төрінде керілген шаршы алаңда былғары қолғап шеберлеріміз жеңісті жорықты жалғастыруда, деп хабарлайды, Egemen.kz.
67 келі салмақта сынға түсіп жатқан ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов польшалық Дамиан Дуркачпен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы басымдықты уысынан шығармаған отандасымыз жеңіске жетіп, Сербиядағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.