• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Қараша, 2021

Финалда есе жіберді

111 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Санкт-Петербургте өткен ATP 250 турнирінің жұптық бәсе­ке­сінде финалға шыққанымен, жарыста жеңіске жете алмады.

А.Голубев монаколық Юго Ниспен бірге финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлы­британиялық Джэйми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен бас жүлдені сарапқа салды. Д.Маррей мен Б.Соарес 1 сағат 20 минутқа жалғасқан матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Голубев пен Нис 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді. Бұл А.Голубевтің өз спорттық жолындағы жұптық сында ATP додаларындағы екінші финалы еді.