• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Қараша, 2021

Легионерлер елдеріне қайтады

133 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпиондары, елорданың «Астана» клубы жыл соңында бірқатар шетелдік легионерлермен қош айтыспақ.

Атап айтар болсақ, келесі жылдан бас­тап «Астана» сапында сербиялық Ан­тонио Рукавина, испаниялық Кадете Ло­пес, португалиялық Педру Эуженио, мол­довалық Валерий Чуперка, босниялық Семир Смай­лагич сияқты ойыншылар өнер көрсетпеуі мүмкін.

Сонымен қатар клубтың черногориялық Жарко Томашевич, хорватиялық Лукаш Ши­мунович сияқты ойыншыларымен де келі­сімшарт аяқталады. Ал «Астана» бас­шы­лығы әзірге оларға жаңа келісім ұсын­баған. Бұған дейін шабуылшылар Фатос Бечирай (Чер­ногория) мен Тигран Барсегянның да (Армения) клуб қатарынан кететіні белгілі болған.

Десе де әлі келісімшарты бар ойыншылармен «Астана» бұрынғы басшылық бекіткен келісімдегі тармақ негізінде қоштаспақ. Оған сәйкес келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда клуб оларға 2-3 айлық жалақыны төлейді.