• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Хоккей 05 Қараша, 2021

Екпіні екі-ақ ойынға жетті

186 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» кезекті тур ойынын елор­да­дағы «Барыс Аренада» Фин­лян­дия­ның «Йокеритімен» өткізді.

Қазан айына жоспарланған сырт ай­дындағы соңғы екі ойынын жеңіспен аяқтап, тәуір ойын көрсете бастаған «Барыс» қай­та сәтсіздікке ұшырады. Өз айдынында «Йокерит» клубын қабылдаған жерлестеріміз қар­сыластарына 1:4 есебімен жол берді. Бірінші кезең тең дәрежеде өтсе де, кезең аяқталар тұста ептілік танытқан қонақтар Йони Ортио қорғаған қақпаға жауапсыз екі шайба соғып кетті. Кездесудің 16-минутында Калле Косила есеп ашса, 19-минутта Никлас Енсен мергендік танытты.

Ойынның екінші кезеңі де финляндиялық хоккейшілердің басымдығымен өтті. 29-минутта Никлас Енсен тағы да мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Үшінші кезеңнің басында қарсылас ойыншысы мұзай­дыннан екі минутқа қуылып, сан басым­дығына ие болған «Барыс» 42-минутта есеп айырмасын қысқартты. Голдың авторы – Никита Михайлис. Дегенмен матч соңына дейін айдын иелерінің таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді. Кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда «Йокерит» ойыншысы Марко Антилла бос қақпаға гол салып, ойынның нүктесін қойды – 1:4.