• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 09 Қараша, 2021

«Ақын» Токиода топ жарды

431 рет
көрсетілді

Есімін әлемдік деңгейдегі сыншылар әспеттеп, түсірген фильмдері халықаралық белді кинофес­тивальдарда үнемі топ жарып жүрген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың шығармашылық қоржыны тағы бір қомақты жүлдемен толықты. Суреткердің XXXIV Токио халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан «Ақын» фильмі «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.

Неміс жазушысы Герман Гессенің өзі туралы жазылған «Авторлық кеш» шығар­масы­ның желісінде түсірілген айтулы фильм – режиссер Өмірбаевтың кино саласында түйген өмірлік тәжірибесін көрсеткен кезекті тың туындыларының бірі һәм бірегейі.

Иә, режиссер әлемі – түпсіз терең тұң­ғиық, жұмбақ әлем. Оның шешімін табу кез келген көрерменге қол емес. Олай дейті­німіз, Дәрежан Өмірбаевтың аз түсірсе де саз түсіретін әр жұмысы кәсіби мамандар мен әріптестері арасында жоғары бағалан­ғанымен, қарапайым ха­лық үшін әлі де ашыл­маған аралдай. Оның себебі жал­ғыз – кинорежиссер әу бастан-ақ өз жолын айқын белгіледі, ол – нағыз кино тілінде кино түсіру.

Авторлық фильм деген ерекше бағытта бағын сынап жүрген суреткердің қолтаңбасы да қат­парлы: баяу өрбитін темпоритм, нақты есеп пен логикаға бағынған сюжет, сезімге де, сөз­ге де сараң, бірақ ойға, ішкі толғанысқа бай актерлер ойы­ны... Францияның «Әдебиет жә­не өнер» орденінің кавалері, тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының лау­реаты, кинорежиссер Дәрежан Өмір­баевты өзге режиссерлерден даралай­тын меншікті стиль бұл. Терең толғаныс, ордалы ойы­мен азға айқын, көпке тылсым болған режиссердің кино тілінде тол­ға­натын өмір һәм өнер жай­лы пайым­дары да кесек. Мұны Токио фестива­ліне қазылық ет­­кен кино сыншылар да бір­ауыз­дан мойындады:

– Фестивальдың қазылар ал­­қасы осы жүл­дені Дәрежан Өмір­баевқа берді, өйткені бізге фильм­дегі режиссердің өзіне ғана тән қолтаңбасы айрықша ұнады, – деп сөз бастаған қазылар алқасының мүшесі Крис Фудживара (Chris Fujiwara) әрі қарай кино­туын­дының ерекшелігіне тоқталды. – Бұл фильм – поэ­зия туралы ғана емес, сондай-ақ осы өнер­ді баға­ламайтын заманда ақын болудың қан­шалықты қиын еке­нін көрсететін үздік жұмыс. Бүгінгі күні бұл проблема тә­уел­сіз киногерлердің алдында тұр десем, титтей де артық айтқаным емес. Аталған көркем туынды – адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосатын өнерге немқұрайлы қарамайтын адамдардың еңбегі.

Айта кетейік, 1980 жылдан бері өткізіліп келе жат­қан Tokyo International Film Festival кинофестивалі – Халық­ара­лық кинопродюсерлер қа­уым­дастығы федерациясының (FIAPF ) тіркеуінен өткен, «А» санатындағы әлемдегі үздік 15 кино­байқаудың қатарына кіретін беделді фестивальдардың бірі.

Халықаралық деңгейдегі белді фестивальдың басты жүлдесін қан­жығасына байлап, ұлттық кине­матографияға өлшеусіз олжа салған қазақстандық режиссер өз сөзінде «Ақын» фильмін жоғары бағалаған қазылар алқасы мен фестиваль көрермендеріне алғы­сын білдіріп, көркем туындының нақты бағасын уақыт беретінін атап өтті.

– Бұл – менің ғана емес, бүкіл түсірілім тобының, сондай-ақ «Қа­зақфильм» кино­студиясы­ның жеңісі. Осындай жүлделер ­тоқ­тамай жұмыс істеуге жігер бе­ре­ді, көп рахмет, – деді Дәре­жан Өмірбаев.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің тапсырысы бо­йынша «Ұлттық киноны қолдау мем­лекеттік орталығының» қол­­­­­­­да­уымен Ш.Айманов атын­да­­ғы «Қазақфильм» АҚ түсір­ген «Ақын» фильмі Дидар есімді мо­­йын­далмаған қаламгердің өмі­рі туралы баян­дайды. Көркем туындыдағы басты рөлді «Жігіт­тер» тобының әншісі Ердос Қа­­наев сом­дады. Фильмнің түсі­­­рілім жұмыстары Алматы қа­ла­­сында өтті. Картинаның қою­шы операторы Борис Трошев, қоюшы суретшісі Александр Ророкин, продюсерлері – Юлия Ким мен Ержан Ахметов.

То­кио­да мойындалған «Ақын­­­­­­­­ның» өз еліндегі һәм жал­пы ки­но әлеміндегі тағдыры ла­йым ­та­­бысты болсын дейік, ен­деше!