• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2021

Түркия Белоруссияны емес, Польшаны қолдайды

214 рет
көрсетілді

Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау мен Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу телефон арқылы сөйлесіп, Белоруссия мен Еуропалық Одақ (ЕО) шекарасындағы мигранттармен жағдайды талқылады. Бұл туралы Польша СІМ өзінің Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, Анкара Польшаға қолдау көрсетеді және елдер НАТО одақтастары ретінде Белоруссия Президенті Александр Лукашенконың көрші елдерге қарсы «гибридті шабуыл» ретінде мигранттарды пайдалануына қарсы тұру үшін жұмыс істейді.

 Варшава мен Анкара арасындағы келіссөздер Түркия тарапының бастамасымен өтті. Бұған дейін Литва премьер-министрі Ингрида Шимонит Литва мен Польша шекараларындағы көші-қон дағдарысы Минскнің сыртқы экономикалық қысымға реакциясы болды деп мәлімдеді.

Мигранттардың Еуропалық Одақтың (ЕО) Шығыс шекараларына ағылуының себебі ретінде ол ЕО Белоруссияға енгізген санкцияларды атады. Шимониттің айтуынша, Минск көші-қон дағдарысын тудырды, өйткені Еуропалық Одақтың шектеу шаралары Белоруссия экономикасына айтарлықтай зиян тигізеді.