Түркістанда жер алуға құжат рәсімдеп беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, таныс азамат жерге құжат жасап беремін деп 70 000 теңге ақшасын алып, сан соқтырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алған.
Жедел-тергеу тобының шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түлкібас ауданының тұрғынын анықтап, тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті алдау жолымен алғанын мойындады. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеуін ескертеді.