Таяу Шығыстан келген заңсыз босқындар тобы Беларусь елі арқылы Польшаға кіруге тырысқан. Олармен бірге балалар да болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Поляк полициясының мәліметінше, Польша-Беларусь шекарасындағы босқындардың әрекеті тоқтатылған. Беларусь әскери күштері 35-ке жуық адамды күш қолданып, Польша шекарасынан өткізуге тырысқан. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.
Қараша айының басында Беларусь мемлекеті арқылы Польша мен Литва шекарасында ЕО-ға кіруге тырысқан, Таяу Шығыстан келген мигранттар тобы жиналды.
Польша билігі олардың санын бірнеше мыңға жеткен деп отыр. Батыс Беларусь билігі қазіргі жағдайды «гибридті соғыс» аясында ұйымдастырды деп мәлімдейді.