• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Қараша, 2021

Шотландияға шамалары жетпеді

289 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан жастар құра­масы (U-21) 2023 жылғы Еуропа чем­пионатының іріктеу кезеңі аясында кезекті тур ойынын Шотландияда өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Тэннадайс Парк» стадионында өткен кездесудің есебін 28-минутта алаң қожайындары ашты. «Манчестер Сити» академиясының түлегі Льюис Фиорони командаласы Стивен Келлиден пас алып, қазақстандық қорғаушы Широбоковты алдап соғып, Устименко қорғаған қақпаның сол жақ бұрышын дәл көздеді – 1:0. Екінші таймның басында Шотландия құрамасы есептегі үстемдігін еселеді. Льюис Фиорони шебер пасымен құрамасының ең тәжірибелі ойыншысы Гленн Миддлтонды қақпашымен бетпе-бет шығарды. Нәтижесінде ойынның 56-минутында Миддлтон біздің қақпаны дәл көздеп, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Матчтың 71-минутында Эльхан Аста­новтың айып алаңына асырған пасын Максим Самородов ұтымды пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты – 2:1. Кездесудің соңына дейін жерлестеріміз есепті теңестіруге ты­рысқанымен, шотландиялық футболшылар оған мүмкіндік бермеді. 2:1 есебін матч соңына дейін сақтап қалған Шотландия құрамасы осылайша іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал Қазақстан футболшылары қатарынан бесінші ойында жеңілді.