• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Қараша, 2021

Алматылық балалар Pfizer екпесін алды

201 рет
көрсетілді

Алматы емханаларында 12 қарашадан бастап Pfizer вакцинасы салына бастағанынан ел хабардар болып отыр. Алайда ме­гаполисте әзірге жет­кілікті ұжымдық иммунитет қа­лып­та­с­паған. Сон­дықтан 22 қарашада мегаполисте ревак­ци­на­лау басталады.

Мұның барлығы да қала тұр­ғын­дарын бейжай қал­дыр­май­тын жағдай бол­ған­дықтан, бірнеше баспасөз мәслихаты қатар өтіп, кезекті брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали: «Біз жасөспірімдерге емхана­лар­да екпе сала бастадық. 12-17 жастағы 1 619 баланың екпе алғысы келді. Егер жасөс­пі­рім­дер ата-анасының ке­лі­сі­мін­сіз екпе алуға келсе, ме­ди­­цина қыз­меткерлері әке-ше­ше­ле­рі­мен байланысқа шығып, келі­сі­­­мін сұрайды. Ті­зім­дер бар, пе­да­­гогтер бізге кө­мек­теседі», де­ген болатын.

Дәрігерлер өз тараптарынан жасөспірімдерді вакциналау алгоритмін түсіндіру жұ­мыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, ата-аналар, егер қа­ла­са, балаларын вакцинлау ке­зінде емханада да, мектепте де бірге бола алады.

Екпеге қатысты екіұдай мә­се­леде мамандар пікірі қан­дай? Мәселен, Профи­лак­­тикалық ме­дицина акаде­мия­сының пре­зи­денті Алмаз Шарман ре­вак­­циналаудан өтуді, сондай-ақ жасөспірімдерге екпе салуды ұсынады.

– Біз балалардың тынымсыз екендігін, ересектермен де, құрдастарымен де арала­са­тынын, мектепке баратынын, сондықтан олардың инфекцияны тасымалдаушы еке­нін тү­сінуге тиіспіз. Сон­дық­тан көп­­теген елде балалар­ды вак­­циналау туралы шешім қа­был­данды. 2 мыңнан астам балаға жүргізілген кли­ни­калық зерттеулер Pfizer вак­ци­на­сы­ның қа­уіпсіз және тиімді еке­нін көр­сетті, – деп сендіреді А.Шарман.

Вирусолог барлық егулер өмір бойы иммунитет қа­лып­тас­тырмайтынын, кей­бір инфекциялардан әрбір бес, он жыл сайын, ал тұмау сияқ­тылардан жыл сайын егілу керектігін еске салды. Ревак­ци­налау деген осы. Кейде «үдет­кіш вакцина» термині қолда­ны­ла­ды, яғни тағы бір қосымша.

– Уақыт өте келе вакци­на­ның әсері төмендейді, оның үстіне, COVID-19-дың жаңа штамдары пайда болып отыр. Қайта егу жаңа коронавирус инфекциясының барлық штам­дарынан қорғау үшін анти­дене­лердің жеткілікті деңгейін қа­лыптастыруға мүмкіндік бере­ді. Жақында Израильде кең ауқымды зерттеу жүргізілді. Бұл вакциналаудан өткендердің барлық жас топтарында, әсіре­се егде жастағы адамдарда им­мун­­дық жауап уақыт өте келе төмендегенін көрсетті. Сон­дық­тан екпе салдырған соң 6 айдан кейін ревакциналау ұсынуға ғылыми негіздеме бар, – дейді А.Шарман.

Вирусолог вакцинаның үдет­­кіш дозасы туралы айта ке­­ле, бірқатар ғалымдар кросс-ре­вак­циналауды, яғни үшінші вак­цинаны басқа препаратпен алуды ұсынғанын, бірақ бұл қатып қалған қағида еместігін алға тартады.

– Денсаулық сақтау ми­нистр­­­лігі вакциналарды ара­лас­­ты­руды бір нұсқа ретін­де қа­рас­тырады. Алдында сал­дыр­ған екпемен қайта вак­ци­на­ла­нуға болатынын ешкім жоқ­қа шығармайды. Дегенмен мен де түрлі вакциналарды араластыру тиімді болады деп санаймын. Араластыру ке­зінде қан­дай да бір қарсы көр­се­ті­лім­дер болған жоқ, – дейді ғалым.

Қысқасы, профессор бұл коро­навируспен бірге әлі ұзақ жүре­тінімізді, сондықтан екпе салдыру және ревакциналаудан өту қажет деп есептейді

Ол мегаполисте ЖРВИ-дің өршуі жағдайына қатысты түсі­нік­теме бере отырып, коронавирус инфекциясы, тұмау мен ЖРВИ белгілері ұқсас. Бірақ ковидтің қосымша симптомы – дәм, иіс сезу жоғалуы және ен­ті­гудің пайда болуы мүмкін дейді.

– Коронавирус инфекция­сы ПТР тестілеу арқылы анық­­талғаны маңызды. Оның белгі­ле­рі үшін талдау жасау және кез келген жағдайда, тіпті коронавирус болмаса да, оқшаулау ке­рек, – деп кеңес берді профессор.

– Мен коронавирусқа, жа­қын­да тұмауға қарсы егілдім. Бұл екі түрлі инфекция және оның өзара сәйкестігі болуы мүмкін. Қос инфекцияның салдары әрқашан ауыр болады, – деді спикер.

Сондай-ақ ол қазірдің өзінде вакциналанған азаматтарға, әсі­ре­се, 60 жастан асқан және со­зыл­малы аурулары бар адам­дар­­ға коронавирусқа қо­сым­ша үдеткіш вакцина алу керектігін түсіндірді.

– Израиль ғалымдары коро­на­вирус инфекциясына им­мун­дық жауаптың вак­ци­на­ның алғашқы екі дозасынан соң 6 айдан кейін төмендейтінін дәлелдеді. Сондықтан ревак­ци­налау ұсынылады. Бұл қан­ша­лықты жиі қажет болатыны әлі нақты белгісіз. Ол жыл са­йын өтуі мүмкін, мұның бә­рі пандемияның қалай бола­ты­нына байланысты, – деді А.Шарман.

Профессор коронавирус ин­фек­­циясы эндемиялық бол­ған­­дықтан, бізбен ұзақ уа­қыт бірге болады деп санайды. Кейде бұл тұмау сияқты кіші­гі­рім өршиді. Сондықтан мүм­кін­дігінше көп адамның вак­ци­на­­лануы және ревакциналаудан өтуі өте ма­ңы­зды.

Алматыда бір күнде 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйел­дер мен бала емізетін аналар Pfizer ек­песін алды. Ең алдымен, мек­теп оқушылары, колледж сту­денттері, жүкті және бала емі­зетін аналар екпе алды. 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген Алматы қаласының тұр­ғыны Вероника Букша ек­пені бірінші болып алды. «Мен бала емізетін анамын, сон­дық­т­ан баламды, өзімді, отба­сымды мүмкіндігінше қор­ға­­ғым келеді, емханадан медицина қызметкерлері ша­қы­рып, алғашқылардың бірі болып Pfizer екпесін алғаныма өте қуаныштымын», дейді Вероника.