• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 17 Қараша, 2021

Ірі есеппен жеңіске жетті

133 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Қарағандының «Сарыарқасы» ел чемпионатының ке­зекті тур ойынында Өскеменнің «Тор­педосын» өз айдынында қабыл­дап, ірі есеппен жеңіске жетті.

 «Қарағанды-Аренада» өткен кездесуде «кеншілер» командасы қарсыластарының қақпасына жауапсыз бес шайба соқты. Бірінші кезеңнің 30-секундында Михаил Рахмановтың пасынан кейін Степан Гримзин матчтың есебін ашса, 15-минутта Никита Анохин табло­дағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бірінші ке­зең­нің аяқталуына бес секунд қалғанда Ми­хаил Рахманов енді Никита Аноховскийге гол соғатын тамаша мүмкіндік жасап берді – 3:0.

Үзілістен кейін де айдын иелері қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 35-минутта былтыр «Барыс» сапында ҚХЛ-да өнер көрсеткен Саян Данияр мергендігімен көзге түссе, үшінші кезеңнің орта тұсында дәл сол С.Данияр дубльдің авторы атанып, ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 5:0.

«Сарыарқа» бұл жеңісінен кейін турнир кестесінде 30 ұпаймен көш бастаған еді. Алайда күні кеше Көкшетаудың «Арланы» сырт айдында «Теміртауды» буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіп, «кеншілер» командасын екінші орынға ығыстырды. Ал Өскеменнің «Торпедосы» алтыншы орынға түсіп қалды.