Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бразилияның Кампинас қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған Т.Скатов жүлде қоры 50 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың бастапқы бәсекесінде аргентиналық Ренцо Оливамен кездесті. Әлемнің 186-ракеткасы саналатын оңтүстікамерикалық теннисші жерлесімізге айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен, Скатов екі сетке созылған бәсекеде 6:3, 7:6 (7:3) есебімен басым түсті. Кездесу екі сағаттан аса уақытқа жалғасты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 263-сатыда орналасқан тағы бір аргентиналық Андреа Колларинимен ойнады. Бұл матч та тартысты өтіп, екі сағатқа созылды. Т.Скатов қарсыласын 7:6 (7:2), 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ол бәсеке барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Колларини 2 эйс, 2 брейктен аса алмады.
Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен кездеседі.