• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2021

Алматылықтарды қандай мәселе алаңдатады?

380 рет
көрсетілді

Алматы қарқынды түрде урбандалып жатқан қалалардың қатарында. Бүгінде мегаполис тұрғындары 2 млн адамнан асып жығылады. Халықтың толассыз көбеюі түрлі проблемаға жол ашып отыр. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен шаһардағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сараптамалық сауалдама­лар форматында өрбіген зерт­теу­де қаланың қарапайым тұр­­ғындары мен сарапшылар пікірі тыңдалды. Олардың көз­қарасы негізінде анықталған проблемалар стратегиялық сессияларда талқыланды. Мұндай сессиялардың қалада алтауы өткізілген. Онда мегаполистегі әлеуметтік, экологиялық, сая­си мәселелермен қатар, халық­аралық және аймақтық әлеу­меттік шиеленістердің Алматы қаласына ықпалы да зерделенді. Миллиондар тоғысқан мегаполис тұрғындарын экология, та­залық, бюрократиялық проблемалар көбірек алаңдататыны анықталған.

Жоба жетекшісі Б.Нәлібаев саяси мәдениет тұрғындар көп біле бермейтін тақырып екенін, мұнымен тек ғалымдар айналысатынын жеткізіп, десек те бұл қала тұрғындарының сая­си өмірінің жаңаруына айрық­ша ықпал ететін ұғым деп есеп­тейді. Оның айтуынша, сая­си мәдениет тақырыбын айшық­тауға белгілі ғалымдар мен жо­ғары білім ошақтары да үн қосқан.

Айталық, «Жастардың саяси мәдениетін арттыру жолдары» атты көшпелі семинар-тренингтерге түрлі мамандық иелері қатысты. Олардың арасында саясаттану мамандығы бойынша білім алатын студенттермен қатар, халықаралық қатынастар, журналистика, тіпті инженер­лік курста оқи­тындар бар. Бұл ­сая­си мәде­ниетті меңгеру ма­ман­дық түрі­мен шектелмейтіні­нің айғағы.

«Мәңгілік Қазақстан» қо­ғамдық қорының жоба жетек­шісі Б.Нәлібаевтың сөзіне қара­ғанда, еліміздегі соңғы жыл­дардағы саяси үдерістер осындай жобалардың пайда болуына түрткі болып отыр.

– Бұл жобаның атауы «Ха­лық­тың саяси мәдениетін артты­ру­ға бағытталған тақырып­тық іс-шаралар өткізу» деп аталады. Ал семинар-тренингтердің мақсаты – болашағынан зор үміт күттіретін саясаттанушыларды іріктеу. Алматы қаласы саяси өзгерістердің эпиорталығында орналасқан. Мұндағы оқиғалар қалған өңірлерге тікелей әсер етеді. Мегаполиске жыл сайын аймақтардан әртүрлі жастағы адамдар ағылып келіп жатыр. Әлеуметтік және саяси шие­леністер ушықпас үшін осындай іс-шаралар жиі өтуі керек деп санаймыз, – дейді Б.Нәлібаев.

Төрт жерде ұйымдас­ты­рылған семинар-тренингтерге бес саясаттанушы тартылған. Барлығы бұған дейін саяси мәдениет тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстармен айна­лысқан мамандар. Мысалы, Же­ңісбек Төлен, Нұркен Айтым­бетов, Нұрболат Нышан­бай сынды тренерлер осы тақы­рыпта диссертациялық еңбек жазған. Сонымен қатар олар қаладағы жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет атқарады.

Мегаполис тұрғындарының көңіл күйіне объективті түрді зерттеу жүргізу нәтижесінде «осалдықтар матрицасы» мен жол картасы әзірленіп, жауап­ты мекемелерге жолданбақ. Бұл зерттеулермен айналысып жатқан әлеуметтанушы-ға­лым Елнұр Мұқашев оның қанат­қақты жоба екенін айта­ды. «Анық қорытынды алу үшін біз фокус-топтарға әр­түр­лі санаттағы тұр­ғындарды жи­­надық. Олар­дың арасында жас та, кәрі де, жұмысбасты да, жұ­мыссыз да, қазақ тілді де, орыс тіл­ді де, әртүрлі ұлт өкілдері де, қалада бұрыннан тұрып жатқан және жақында ғана осында кө­шіп келген азаматтар да бар. Зерт­теуге қаладағы барлық аудан тұрғындары қамтылды. Мұн­­дай әртүрлілік зерттеу объек­­тивтілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды» дейді ол.

Сараптамалық сауалдамаға қаладағы күрделі мәселелерді жі­ті білетін білікті сарапшы­лар тартылған. Олардың әрқай­сы­сымен жеке сұхбат жүр­гізілген. Жұмыс тәртібіне байланысты фокус-топ мүшелері сияқ­ты, олардың аты-жөндері де құпия сақталады. Алай­да олар­дың пікірлері негізінде «осал­­­дықтар матрицасы» дайын­далып, жол картасы әзір­ленбек.

 

АЛМАТЫ