• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тарих 29 Қараша, 2021

Миллион жыл сақталған сүйек

2534 рет
көрсетілді

Жақында керн құрамын зерттеген отандық геологтер Қазақстан аума­ғында 200 млн жыл бұрын өмір сүрген архозаврдың жақ сүйе­гінің қалдығын тапты. Мұнай компа­ния­сының ғылыми-техникалық орталығы сирек жәдігерді Каспий маңы бас­сейнінің триас және жоғарғы перм шөгінділерінің жинақталуын зерттеу кезінде анықтаған.

– Жобаның бір кезеңі микрофауна­ға талдау жүргізуге арналды. Сол кезде күрделі торлы құрылымы бар ашық сұр түсті архозаврдың жоғарғы жақ сүйегінің қалдығына кезікті. Жалпы, архозаврды қолтырауындардың бас­тауы деуге болады. Архозавр 250-205 млн жыл бұрынғы триас кезеңіндегі бауырымен жорғалаушылар класына жатады. Жақ сүйекті Каспий маңы ойпаты үшін ерекше жәдігер дей аламыз. Өйткені Шығыс Еуропа платформасында триас кезеңіндегі архозаврлардың сүйегі көп кез­дес­пейді. Қазір табылған сүйекті ком­пьютерлік томография әдісімен ска-­ нер­леу жүргізілді, – дейді «ҚМГ Ин­жиниринг» ЖШС-ның кернді талдау қызметінің басшысы Никита Пронин.

Оның айтуынша, көне жәдігерді өңдеу кезінде жақ сүйегі екені расталып отыр. Онда 12 тіс болған. Дәлірек сипаттау үшін сүйек арнайы құрылғы және құралдармен тазартылады. Содан кейін үлгі бейінді институтқа тапсырылады. Осындай сирек жәдігер микрофауна мен палеонтологияны одан әрі зерттеуге түрткі болады деп үміттенеді.

 

Атырау облысы