• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Желтоқсан, 2021

Роналду кәсіби мансабындағы сегіз жүз бірінші голын соқты

489 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы, бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы сегіз жүзінші және сегіз жүз бірінші голдарын соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболшы мұндай нәтижеге ағылшын премьер-лигасының кезекті турында қол жеткізді. Лондондық «Арсенал» футбол клубына қарсы ойнаған «қызыл сойқандар» кездесуді 3:2 есебімен ұтса, португалиялық шабуылшы екі мәрте мергендігімен көзге түсті.

Роналду бұған дейін Португалияның «Спортинг» клубы сапында 5, Мадридтің «Реалы» сапында 450, Италияның «Ювентусы» құрамында 101, «Манчестер Юнайтед» сапында 130 голдың авторы атанған болатын. Сондай-ақ ол ұлттық құрама сапында футбол тарихында ең көп гол соққан ойыншы (115) екені мәлім.