• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Желтоқсан, 2021

Сегізбаев сыйлығының лауреаты

358 рет
көрсетілді

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы маусымның үздік ойыншысын анықтау мақсатында ел біріншілігіне қатысқан клуб басшылары, бас бапкерлері және команда ка­пи­тандары арасында сауалдама жүргізді.

Былтырғы маусымнан бастап ҚКФЛ шешімімен маусымның үздік ойыншысына әйгілі қазақстандық футболшы, КСРО спорт шебері, еңбек сіңірген бапкер Тимур Сегізбаев атындағы сыйлық бері­ліп келеді. Биылғы жүлде «Астана» көш­басшысы Марин Томасовқа бұйырды. Сұрауға қатысқандардың басым көпшілігі (120 дауыс) Томасовты үздік деп таныды. Хор­ватиялық легионер осы маусымда «Астана» сапында 33 ойын өткізіп, 24 мәрте қарсыластары қақпасынан саңылау тапқан. 14 рет әріптестеріне нәтижелі пас берген.

Екінші орынға «Қайрат» командасының шабуылшысы Вагнер Лав (71 ұпай) орналасса, үздік үштікті ел чемпионы атанған «Тобылдың» қақпашысы Александр Мокин (59 ұпай) қорытындылады. Айта кетейік, бұған дейін Марин Томасов чемпионаттың үздік сұрмергеніне тапсырылатын Е.Пех­леваниди атындағы сыйлықты да жеңіп алған еді.