• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Желтоқсан, 2021

Қосымша құн салығы: Артық сома қайтарылады

490 рет
көрсетілді

Астық нарығы қатысушылары үшін қосымша құн салығынан асып кеткен соманы қайтару оңайлайды. Өйткені осы жыл­дың 17 қарашасында Қаржы министрінің бұйрығымен атал­ған мә­се­леге қатысты қанатқақты жобаны іске асыру ере­желері мен мерзімдері бекітілді. Кәсіпкерлердің қанатқақты жо­баға қаты­суы ерікті түрде жүргізіледі.

Мемлекеттің қосымша құн салығы сомасын қайтаруы – Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі салықтық әкімшілендірудің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет үшін тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтердің нақты қозғалысын бақылау, сонымен бірге әр кезеңде төленген қосымша құн салығын есептеп отыру өте қиын. Салық төлеуден жалтарудың түрлі схемасы мен өзге де тәсілдерінің салдарынан қосымша құн салығын негізсіз өтеу тәуекелдерін тудырып, бюджетке шығын әкеледі.

– Отандық салық төлеушілер үшін қолданыстағы тәртіп қо­сым­ша құн салығы сомасын қай­тару іс-шаралары мерзім­де­р­інің негізсіз созылуына, қай­та­руға жататын қосымша құн салығының елеулі бөлігінің жо­­ғалуына, өзге де салықтық тәуе­­келдердің туындауына әкеп соқтырады, – дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Екатерина Никитинская.

Бүгінде қанатқақты жоба аясында қатысушылар қосымша құн салығы сомасының жылдам қайтарылуына мүмкіндік алды. Сондай-ақ салық органдары қандай да бір әкімшілік және экономикалық санкцияларды қолданбай жеткізушілермен «са­лық­тық алшақтықтарды» дер­­­бес реттеу құқығына ие бол­ды. Тізбектер бойынша орын алған салықтық бұзу­шы­­лық­­тар туралы ақпа­рат ка­ме­ралдық бақылау шең­бе­рін­де Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетіне ұсы­ныл­уы тиіс.

– Жобаға меморандум жасас­қан астық нарығының қаты­су­­шылары тартылады. Олар мем­лекеттік кірістер орган­да­­рының салықтық құпия­ны құ­­­райтын «салықтық алшақ­тық­тар» бойынша мәліметтерді жа­рия ету, тарату және үшінші тұлғаларға беруіне жазбаша рұқ­сат береді. Кәсіпкерлер үшін жо­баның салықтық әкімшілік іс-қимылдардың ашықтығын қамтамасыз етуге арналғаны өте маңызды. Салық сомасын қай­­тару көшпелі тексерулерсіз ка­­мералдық бақылау режі­мін­де жүзеге асырылады және биз­нестің өзін өзі реттеу қағи­дат­­­тарына көшуіне мүм­кін­дік бе­ре­ді, – дейді Қазақстан Астық ода­­ғы­ның төрағасы Нұрлан Оспанов.

Меморандум агроөнер­кәсіп­ке және сабақтас сала­лар­ға іс­керлік айналымның ашық тә­жіри­белерін енгізу, бәсеке­лес­тікті дамыту, на­рық­­тың өзін өзі рет­теудің тиім­ді­лігін қам­та­ма­сыз ету, бизнес пен мем­ле­кет­тік құрылымның диалог құруын көз­дейді.

Қосымша құн салығын оңай тәртіппен қайтару үшін қа­ты­сушылар екі нұсқаның бірін таңдай алады. Бірінші нұсқа бойынша банк кепілдігі болған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде қосымша құн салығы қай­та­ры­лады. Екінші нұсқа бо­йын­­ша камералдық бақылау рә­сім­дері аяқталғаннан кейін бірден сатып алушы мен өнім беруші ара­сындағы «салықтық ал­шақ­тық­тар» жоқ немесе жо­йыл­ған кезеңде қосымша құн салығын қайтаруды ұсыну жос­пар­ланған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы қаз­анда Қаржы министрлігі және «Атамекен» ұлттық кә­сіп­­­керлер палатасының бас­та­ма­сымен тәжірибе алмасу мақ­сатында Нұр-Сұлтанда Ре­сей­­дің Федералды салық қыз­меті және Агроөнеркәсіп хартиясы өкілдерінің сапары ұйым­дас­тырылды. «Атамекен» жүр­гіз­ген талқылаулар мен кон­суль­тация­лар нәтижесінде Қазақс­танның Астық одағы және Мемлекеттік кіріс­тер ко­ми­теті бірлесіп, агро­өнер­кә­сіп­тегі қосымша құн салы­ғы­ның ар­тылған сомасын оңай­латылған жол­мен қай­та­ру бо­йын­ша қанат­қақ­ты жобаны іске асыру бойынша жұмысты бас­тады. Бұл ретте біздің мамандар Ресейде төрт жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Хартия типі бо­йынша адал салық төлеушілерді ашық ақпараттандыру жүйесіне ерекше қызығушылық танытты. Ресейде алғашқы Хартия 2017 жылғы мамырда агроөнеркәсіп саласында құрылған және оның тәжірибесі қазіргі уақытта на­рық­­тың басқа сегменттеріне сәтті таралуда.