1 қаңтар сағат 00.00 мен таңғы 08.00- дейін Қазақстанда 300-ден астам нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Жаңа жыл түнінде Қазақстан бойынша 305 нәресте дүние есігін ашты. Оның 142 қыз, 163 ұл бала. Олардың көпшілігі Түркістан қаласында дүниеге келген», делінген хабарламада.