• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Қаңтар, 2022

Қоғам сенім артады

232 рет
көрсетілді

Еліміз үшін 2022 жылдың басы өте күрделі дағдарыспен, ауыр сынмен тұспа-тұс келді. Мемлекетімізге қарсы, еліміздің конституциялық құрылымына қарсы террористік шабуыл жасалды.

Оған бүкіл ел болып бірігіп, тойтарыс бердік. Контртеррористік опера­цияның негізгі фазасы аяқ­талуға жақындады, соңғы мәлі­меттер бо­йынша еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты. Бұл ретте Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның бітім­герлік күштерінің көмегі туралы Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымының кезектен тыс сес­сия­сында сөйлеген сөзінде толық­тай айтып кетті. Ал Мәжіліс отырысын­да Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітім­­герлік күштерінің негізгі мис­сия­­сы­ның сәтті аяқталғанын мәлім­деп, екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлес­кен бітімгерлік контин­гентін Қазақ­станнан кезең-кезеңімен шығару басталатынын атап көрсетті.

Сондай-ақ кеше Президенттің ұсыны­сы­мен Премьер-Министр ла­уазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы Мәжіліс депутат­тарының бірауыздан қолдауымен бекітілді. Премьер-Министр кандидатурасын таңдауда мемлекетіміздің алдында тұрған мемлекеттік қаржы мен экономиканы қайта жаңғыр­ту бойынша ауқымды міндеттерді жүзеге асыру мәселелері де үлкен рөл атқарды.

Жалпы, Президент Үкімет басшысы мен құрамы алдында қойған ма­ңызды міндеттерді бірнеше блок­қа бөлуге болады. Ең алдымен, еліміздің әскери, құқық қорғау және қарулы күштер саласын реформалау мәселесі. Және ол өте заңды, әрі соңғы жағдайлар көрсеткендей – уақыт кешіктірмейтін міндет. «Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек», деді Президент. Ол үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін, ішкі істердің арнайы отрядтарын нығайту, армияның дайындығын күшейту, Ұлттық ұланның сандық әрі сапалық мазмұнын кеңейту шараларын, ішкі көші-қон саласын, шекара қызметін қолға алу керек екені анық. Сондай-ақ мамандардың және са­рапшылардың пікірінше, бұл құ­ры­лымдар арасындағы өзара іс-әрекетті, бірыңғай әрекет алгоритм­дерін жолға қою мәселесі де өте маңызды.

Бұл ретте діни экстремизм, радикалды топтардың проблемасы да өзек­тене түсуде, бұл жағдайға арна­йы көңіл бөліп, талдау мен нақты ше­шім­дер тетіктерін ойластырған жөн.

Екінші – экономикалық блок. Қазіргі таңда теңсіздік мәселесі, мүліктік жіктелу байқала бастады, сонымен бірге халықтың әлеуметтік проблемалары толық шешілмей жатқаны да баршаға белгілі. Мем­лекет басшысы осы проблемалар­ды ашық көрсетіп, Үкіметті көпші­ліктің көкейінде жүрген «Самұрық-Қазына» қоры және басқа да ұлт­тық компаниялардың сатып алу­ларының ашықтығына қатысты мәсе­лелерді, жекешелендіруге қа­тыс­ты шешімдерінің толық, ашық әрі айқын болуы, экономикадағы оли­гаполия, бизнесті қолдауға ар­нал­ған мемлекеттік шаралардың кем­­шіліктері, жемқорлық секілді мем­­лекеттің дамуын тежейтін проб­ле­ма­ларды шешуге шақырды.

Үшіншіден, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару жүйесіне арналған блок. Осы уақытқа дейін де мемлекеттік қызметкерлердің тиім­ділігі туралы айтылып келе жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер саны 15 пайызға дейін қысқартылды. Осы­мен Мемлекет басшысы қысқар­ту­ды тоқтатуға ұсынды. Алайда бұл саладағы сапалық, мазмұн­дық жұмысқа аса назар бөлу қажет­тілігі алға қойылды. Меритократия қағидатын дұрыс түсініп, оны тиімді әрі ақылмен іске асыруға шақырды.

Төртіншіден, әлеуметтік сала­ның сапалық тұрғыда жаңаруы. Ол әлбетте, халықтың әл-ауқатын, табы­сын көтеру, медициналық, білім беру, әлеуметтік игіліктерін кедер­гісіз, толық мөлшерде пайдалану, олар­дың қолжетімді болуымен бай­ла­ныс­ты. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекс­те осының барлығы соңғы ахуал­ды, пан­демияның салдарын ескере отырып, көрініс табу керектігіне аса мән берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттің 50 пайызы­нан көбі әлеуметтік салаға жұмсала­ды, дегенмен ол әлі де жет­кіліксіз. Бұл орайда, денсаулық, балаларды қорғау, білім беру секілді салаларды қолдау мақсатында Қоғам­дық қор тетігін пайдалану туралы Пре­зиденттің ұсынысы, менің ойым­ша, өте орынды әрі халықаралық тәжірибеге сай.

Мемлекетті әрі қарай дамытудағы осы ауқымды міндеттерді ашып көрсеткен Президент Қ.Тоқаевтың халықтың жағдайын жіті түсініп, әлеуметтік-экономикалық салаларда белең алып жатқан кемшіліктер мен қиындықтарды еңсеруге бар күшін салатынына бүкіл қоғам сенім артады.

 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры