• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Қаңтар, 2022

Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

541 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа маусымда кәсіби мансабында өзінің бітіспес қарсыласы болған Лионель Мессимен бір командада ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы деректерге зер салсақ, Францияның «ПСЖ» футбол клубының жетекшілері Криштиану Роналду ағылшындық командадан кеткісі келген жағдайда оны өз қатарларына қосуға дайын. Иә, «ПСЖ» футбол клубының басшылары сондай қадамға баруға әзір көрінеді. Клуб жетекшілері командадан кетуге бел буған Килиан Мбаппенің орнын Криштиану Роналдумен толықтырмақ.

36 жасар Криштиану Роналдуға «Манчестер Юнайтед» футбол клубындағы қазіргі ахуал, команданың басшылығы ұнамайды. Футболшының өзі жағдай өзгермесе, ұжымнан кетуге әзір екенін агентіне хабарлап та қойған. Соған қарағанда ол жаңа командаға ауысуға ниетті секілді. Ал «ПСЖ» басшылары 5 дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду мен 7 дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Мессиді бір командадан көруге құштар.