• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 25 Қаңтар, 2022

Ғасыр әжімі

1887 рет
көрсетілді

Ғажайып суреткер Жан-Антуан Гудонның ерекшелігі неде екенін білесіз бе? Француз революциясы қайраткерлерінің психологиялық портреттерін жасағанында. Бізді еліктірген де осы мінезі. Өз дәуірінің кескін-келбетін қоладан құйған қолөнер шебері уақытты айналып өтіп, құпияларды талқандады.

Міне, данышпан Вольтердің мүсіні. Ұлы философ бейнесін дәл жеткізген ең жақсы туынды есебінде көңілді елітеді. Вольтер уа­қыты таяғанын сезсе керек, мү­сіншінің кейіпкері бо­луға келі­седі. Ол кезде ақыл алыбы 84 жас­та еді. Мәрмәр мүсін автордың киім мен те­рінің күрделі текстурасын шебер жеткізе білуімен ғана емес, фило­­софтың жігерлі мінезі мен өткір ойына дөп түсу қабі­летімен де ерекше.

Гудон ойшылдың мүсінін 1781 жылы аяқтады. ІІ Ека­те­ринаның тапсырысымен

2 жыл­­дан кейін туынды Ресейге жет­кізі­леді.

Автор ойшылдар көне заманнан келе жатқан құбылыс деп түйсінеді. Сондықтан Воль­терді антикварлық стиль­дегі киім­мен бейнелегенді дұ­рыс көрді. Осылайша, бөгде фи­ло­софиялық бейнені жасауды ұй­ғарды. Киімнің терең қат­пар­ларының астында қарт адамның арықтығы жасырылады, соған қарамастан оның фигурасы сымбатты және шынайы әспеттелген.

Гудонның жұмсақ, жылтыр матаны жасау тәсілі көрерменді еріксіз таңдандырды. Кәрілік тіпті ұлы адамдарды да аямай­ды, сон­дықтан Вольтердің сал­быраған жүзі мен жіңішке мойыны терең әжім­дерге толы болды. Бұл – сол ға­сырдың әжімі еді. Оның әлжуаз қол­дары өзі отыр­ған орындықтың ойыл­ған тұс­та­рын ұстайды. Кейіп­кер­дің кә­рілік меңдеген кейпі ауыр да мұңлы.

Оқырман алыстан қарағанда ойшыл шаршағандай әсер қал­дырады, ал негізінде ол өз ойы­нан ұзай алмай отыр. Сырт­қы көрі­ністен физикалық кәрі­ліктің мәнер­лігі мен әлсіздігін байқауға бола­ды. Вольтер өмі­рінің соңғы күніне дейін жас жігітке тән таза көз­қарас пен байсалдылығын сақтап қалды.

Жоғарыда айтқандай, мү­сінші Гудон барлық туынды­сы­на тән сипат бұл шығар­ма­сында да бар. Ол ұлы да­ныш­­пан­ның психологиялық пор­треті­нің толық бейнесін жа­сады. Қа­раңызшы, жаратылыс­ты табиғи ету үшін автор өзі жұмыс істеген кескіштің ізін те­гістеуге тырыспаған.